«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы

XI. Партияның қаржысы мен мүлкi.

 45. Партияның қаржысы мыналардан құралады: 

1) кіру және мүшелiк жарналардан;
2) Республикасы азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдардың заңдық тәртіппен белгіленіп, жүзеге асырылатын демеушілік және қайырымдылық көмектерінен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген бюджеттік түсімдерден;
3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстардан.
46. Партияның жеке меншiгiнде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған қызметiн материалдық қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған объектiлерден басқа өз қаржысына құрылатын ұйымдар болады.
47. Партияның мүліктерінің, соның ішінде құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) мүлiктерiнің меншік иесі тұтастай алғанда Партия болып табылады. Партияның бірде-бір органы немесе құрылымдық бөлімшесі Партияның мүліктері немесе қаржысынан бөлек оқшау мүліктерге немесе қаржыларға ие бола алмайды.   
48. Партия мүшелерi төлеген мүшелік жарналарын қоса алғанда, партия мүлкiне қатысты құқықтарға иелігі жоқ.
49. Партияның мүлiктерi тек Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады.
50. Партияның ақшалары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тiркелген банктердiң есепшоттарына салынады.
51. Партия өзiнiң қаржысын қайырымдылық мақсаттарға жұмсай алады.