«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы

XII. Партияның қаржылық-шаруашылық қызметі.

52. Қаржылық және материалдық-техникалық базасын дамыту мақсатында, заңнамалық тәртіппен белгіленген жарғылық қызметiн жүзеге асыру үшiн Партия мыналарға құқылы:

- жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
- шаруашылық қызмет жүргiзуге, шарттар жасасуға, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын шарттарға отыруға, мәмілелер жасауға;
- белгiленген тәртiпке сәйкес ғимараттарын, құрылғыларын, жабдықтарын, көлiктерiн, өзге де мүлкiн жалға алуға, жалға беруге;
- несиелер алуға және несиелiк қаржыларды пайдалануға;
- кез-келген мәмілелер жасауға, шарттарға отыруға, өзiне мiндеттемелер алуға, басқа ұйымдардың сенiмхаттары бойынша әрекет етуге;
- өздерiнiң қызметiн басқа да тұлғалармен, оның iшiнде заңды тұлға құруды да бiрлесiп жүргiзуге;
- мәдени-ағартушылық қызмет жүргiзуге;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға;
- халықаралық ұйымдармен, бұл ұйымдардан Партия қаржылық пайда табуды көздемей, ынтымақтастықты жүзеге асыруға.
53. Партияның табыстары, сондай-ақ Партияның ұйымдардан және азаматтардан алған ақшалай, соның iшiнде валюталық та қаржылары, жылжымайтын мүлiктерi, жабдықтары, мүлiктерi мен басқа да материалдық құндылықтары Партия мүшелерiне бөлiнiп берiлмейдi, сондай-ақ жеке тұлғалар мен адамдардың шектеулi тобының мүдделерi үшiн пайдаланылмайды. Партияның аталған табыстары мен ақшалары тек жарғылық және өзге де қайырымдылық қызметiне, Партияның немесе Партияның қатысуымен іске асырылатын бағдарламалары мен жобаларына пайдаланылады.
54. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары, өкiлдiктерiнiң) ақша мен өзге де мүлiктердi басқару саласындағы есеп беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады.