«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы

XIV. Партияны қайта құру және қызметiн тоқтату.

 59. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң) қызметi ерiктi түрде қайта құру немесе тарату жолымен, сондай-ақ өзге де заңды негiздермен тоқтатылуы мүмкiн.
60. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi) мынадай жағдайларда таратылуы мүмкiн:
- жоғары басшы органның шешiмiмен;
- аймақтардың жартысынан көбiнен өкiлдiк алған, барлық партия мүшелерiнiң елу бiр проценттен астамының ұсынысы бойынша;
- соттың шешiмiмен.
61. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын, өкiлдiктерiн) таратуды Партияның жоғары басшы органы немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралған тәртiппен сот тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады.
62. Партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi) мынадай жағдайларда соттың шешiмiмен таратылуы мүмкiн:
- заңнамалық актiлерде қаралған талаптарды орындамаған жағдайда;
- Партия қызметiн уақытша тоқтата тұруға негiз болған заң бұзушылықтарды сот белгiлеген мерзiмде жоймаса;
- Партияның Жарғысына қайшы келетiн қызметпен жүйелі айналысқан жағдайда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi тыйым салған қызметпен айналысқанда, не Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiрнеше мәрте (кем дегенде екi рет) немесе өрескел бұзған жағдайда;
- Партияны мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн тапсырылған құжаттарда дәйектемесіз мәлiметтер анықталып, Партияның мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi заңсыз деп танылғанда немесе Партияны мемлекеттiк тiркеудің күші жойылғанда;
- Партия Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспағанда;
- шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырғанда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қаралған өзге де жағдайларда.
63. Партияның мемлекетпен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен есептесiп болғаннан кейiнгi Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлкi мен қаржысы оған қатысушыларға немесе қызметкерлерге бөлiнiп берiлмейдi, сондай-ақ мемлекеттiк, не коммерциялық мекемелердiң табысына айналдырылмайды, ол заң актiлерiнде қаралған жағдайлардан басқа ретте, тарату комиссиясының шешiмiне сай, Партияның жарғылық мақсаттарын іске асыруға жіберіледі.
64. Заңды тұлғаларды бiртұтас мемлекеттiк тiркеу регистрiне Партияның таратылғаны жөнiнде жазылған сәттен бастап тарату аяқталған, ал Партия өз қызметiн тоқтатқан болып есептеледi.

«Ақ жол» ҚДП Төрағасы                                                                                                                  А. Перуашев