«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына
№ 2 қосымша
 
 
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Фракциясы туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» ҚДП Фракциясы (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының статусы туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тәртібіне, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының Жарғысына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесі Төралқасының келісімімен депутаттық топтан құрылған тұрақты депутаттық бірлестік болып табылады.
2. «Ақ жол» саяси партиясының фракциясы партиялық үміткерлер тізімі бойынша сайланған, Парламент Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлісуге жіберілген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттық бірлестігі болып табылады.
Үміткерлер тізімінің құрамы бойынша сайланған, Парламент Мәжілісіндегі мандаттарды бөлісуге жіберілген Парламент Мәжілісінің депутаттары үміткерлердің аталған тізімдегі құрамы бойынша сайланғанбарлық депутаттарды қамтитын фракцияның ғана мүшесі бола алады.
Саяси партия үміткерлерінің тізімінің құрамы бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты оның жойылуына немесе қайта құрылуына байланысты қызметі тоқтатылған жағдайда ол қай партияның фракциясына кіру жөнінде жазбаша түрде өтініш берген болса, тек сол партияның ғана мүшесі бола алады.
3. «Ақ жол» ҚДП Фракциясы Парламент Мәжілісінде (бұдан әрі – Фракция):
1) өз қызметін «Ақ жол» ҚДП Жарғысын, Бағдарламасын (бұдан әрі – Партия), Партияның басшылық органдарының шешімдерін басшылыққа алып жүзеге асырады; 
2) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жұмыс тәртібі, осы Ереже негізінде жүзеге асырады;
3) Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібімен және «Ақ жол» ҚДП фракциясының Ережесімен бекітілген құқықтармен пайдаланады;
4) Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне байланысты мәселелер бойынша өзінің ұстанымын және әрекетін Партия басшылығымен келіседі;
5) Парламент Мәжілісінің жұмыс атқару кезеңінде немесе Партияның Орталық кеңесі Фракция қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейінгі аралықта әрекет етеді.
4. Фракцияның басты міндеттері мыналар:
1) заң шығаруларды және бағдарламалық нұсқамалар бойынша басқа да қызметтерді, партияның басшылық органдарының шешімдерін және сайлаушылардың тапсырмаларын жүзеге асыру;
2) Парламент Мәжілісінде елдің қоғамдық-саяси өміріне байланысты мәселелер бойынша партиямен келісілген, оның ұстанымын білдіретін  саясатты жүргізу;
3) Парламент Мәжілісінің отырыстарында заң жобалары және кадрлық мәселелер бойынша шешім қабылдағанда, ол мәселелер жөнінде Фракция мәжілісінде қабылданған тиісті шешімге сәйкес, ортақ ниеттестік дауыс беруді қамтамасыз ету; 
4) Партияның үгіт-насихат жұмысына қатысу;
5) Фракцияның және тұтастай партияның заң шығару саласындағы, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі қызметі туралы халықты хабарландырып отыру;
6) депутаттардың – Фракция мүшелерінің Партияның қоғамдық қабылдау жұмыстарына қатысу;
7) Партияның жоспарларына және шешімдеріне сәйкес барлық деңгейдегі сайлау кампанияларын дайындауға және өткізуге қатысу.
5. Фракцияның Негізгі Өкілеттіктері:
1) саяси партияның бағдарламалық нұсқамалары, саяси партия Төрағасының, саяси партияның жоғарғы және басшылық органдарының шешімдері бойынша заң шығарушылық қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;  
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Республика Премьер-министріне үміткерлер бойынша өткізетін кеңесіне қатысу, Парламент Мәжілісінде Үкіметке және оның мүшелеріне сенімсіздік көрсету туралы мәселе көтеру.
6. Фракциядағы мүшелік:
1) Парламент Мәжілісіндегі партия тізімі бойынша партия ұсынған және Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттарды бөлісуге жіберілген депутаттар Фракция мүшелері болып табылады. Бұл аталған депутаттар  басқа саяси партиялардың және фракциялардың мүшесі бола алмайды;
2) депутаттың Фракцияға мүшелігі Фракция Жиналысының шешімімен бекітіледі;
3) Фракция мүшесін оның құрамынан шығарудыкворум болған жағдайда жазбаша берген жеке өтініші бойынша немесе Партияның Жарғысын және осы Ережені бұзғанына байланысты Жиналыстың көпшілік даусы шешеді;
4) Фракциядан шығарылған немесе немесе одан өз еркімен кеткен депутат белгіленген тәртіп бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарынан шақыртылып алынады, сондай-ақ Партия квотасы бойынша берілген Парламент Мәжілісіндегі басшылық қызметтерінен босатылады;
5) Партия квотасы бойынша босаған лауазымды орынға адам тағайындау осы Ереже және Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібі бойынша жүзеге асырылады;
6) Депутаттың фракциядан шығарылғандығы немесе оның одан өз еркімен кеткендігі туралы ақпарат Парламент Мәжілісіне, Партияға және сайлаушыларға хабардар етіледі.
7. Фракция мүшелерінің құқығы бар:
1) Фракцияның басқарушылық қызметіне сайлауға және сайлануға;
2) Фракцияның қарауына ұсынуға:
- биліктің заңнамалық органдарында қаралатын барлық мәселелер бойынша Фракцияның ұстанымын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар беруге;
- заң жобаларын, қаулылар, депутаттық сауалдар, мәлімдемелер және басқа да құжаттар;
- Фракция отырысының күн тәртібіне байланысты ұсыныстар;
3) заң жобаларына, заңға түзетулерге және депутаттық сауалдарға серіктес автор болуға немес серіктес автор болудан бас тартуға;
4) Фракцияда талқыланылатын барлық мәселеде дәйекті қарсылық айтуға және ерекше пікірін білдіруге; 
5) жұмыс тәртібіне сәйкес өтініш беріп, Фракция құрамынан шығып кетуге.
8. Фракция мүшелерінің міндеттері:
1) осы Ереженің талаптарын, депутат статусы туралы Заңға сәйкес тәртіп және мінез-құлық этикасын сақтауға;
2) Фракцияның барлық отырыстарына қатысу. Фракция мүшесі Фракция отырысына жауапсыз себеппен 2 рет қатыспаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны Фракция құрамынан шығару, орнын басқа депутатпен алмастыру рәсімі жүзеге асырылады;
3) Фракция өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін барлық шараларға қатысу, Фракция қызметінің барлық мәселелері бойынша талқылауларға қатысу;
4) Партияның және Фракцияның қоғамдық қабылдаулар жұмысына үзбей қатысу;
5) Партия саясатын сайлаушыларға насихаттау және түсіндіру жұмыстарына қатысу, сондай-ақ оның сайлау алды бағдарламасының жүзеге асырылуына ат салысу; 
6) өзінің «Ақ жол» фракциясы құрамында екендігін көпшілік алдында сөйлеген сөздері, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да әйгілеп отыру;
7) басқа фракциялар депутаттарының бастамашылығымен заң жобаларына, заңға түзетулерге және депутаттық сауалдарға серіктес автор болғысы келгенде, бұл қадамын Фракция басшылығымен келісу;
8) орындауы керек:
- жиналыстардың және Фракция отырыстарының шешімдерін;
- Фракция басшысының және оның орынбасарларының өздерінің компетенциясы аясында берген (қабылдаған)өкімдерін (тапсырмаларын); 
9) Фракция қорытқан ұстанымды қолдау және пленарлық отырыстарда  Фракция шешіміне сәкес ниеттестік тұрғыдан дауыс беру;
10) Парламент Мәжілісінің комитеттері (комиссиялары) құрамындағы жұмысы туралы Фракция басшылығын хабардар етіп отыру;
11) Фракция қызметінің мәселелеріне байланысты, талқыланатын заң жобаларын қосып алғанда, ерекше пікірі бар болса, дәйектелген қарсылығын  Фракцияның ресми отырысында мәселе қаралған кезде ашық айту. Алайда ерекше пікірінің болуы оны Фракция қорытқан ортақ ұстаным бойынша дауыс беру міндетінен босатпайды.Фракция мүшесі ҚР Парламентінің отырыстарында (жұмысшы топтары, профильді комитет, Мәжілістің пленарлық отырысы, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы) Фракция қорытқан ортақ үстанымға қарамастан дауыс берсе, Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіп бойынша депутат фракциядан шығарылады, оның орны басқа депутатпен алмастырылады;
12) депутаттық сауал дайындалғанда, соның ішінде бір депутаттың атынан жарияланатыны да, сауал жобасын Фракция отырысының талқылауына қойып, Фракцияның келісімін алу. Депутаттық сауалды Фракцияның келісімінсіз жариялауға жол жоқ және ондай жағдайда депутат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фракциядан шығарылады, оның орны басқа депутатпен алмастырылады;
13) көпшілік жерлерде Фракция атынан Фракцияның және партияның шешімдеріне және ұстанымдарына сәйкес келмейтін сөз сөйлеуден, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөйлеуден де тартыну. 
Көрсетілген талаптарды орындамау депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын аяқтауға алып келеді. Мұндай жағдайда босап қалған депутаттық  мандаттың вакансиялық бос орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 
9. Фракцияның басшылық органы Фракцияның Жиналысы (бұдан әрі –Жиналыс), ол:
- Партия Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Партияның басшылық органдарының заң шығару қызметі бойынша қабылдаған шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ қызметтің басқа да мәселелері бойынша да, Фракция қызметінің стратегиясын және тактикасын айқындайды;
- Парламент Мәжілісіндегі бір жылдық заң жобалау қызметін қоса алып, Фракцияның Партияның Орталық кеңесінің Төралқасымен келісілген жұмыс жоспарын бекітеді;
- Фракция қызметінің шұғыл істері бойынша мәселелер көтереді және шешімдер қабылдайды;
- Парламент Мәжілісінің комитеттерінде және комиссияларында фракция атынан көрінетін Фракция басшысының және оның орынбасарларының заң жобаларын дайындау жұмыстары бойынша өздеріне берілген тапсырмалардың қалай орындалғаны жөніндегі есептерін тыңдайды;
- Партия Төрағасының келісімімен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің ұсынысы бойынша Фракция басшысын сайлайды;
- «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Төралқасының келісімімен  Парламент Мәжілісінің басшылық лауазымдарына (комитеттердің, комиссиялардың жетекшілері) үміткерлер ұсынады;
- Фракциядан шығарылғанда немесе одан өз еркімен кеткенде, немесе Фракция Жиналысы Комитеттің немесе комиссияның жетекшісі лауазымына ұсынылған депутаттың жұмысын қанағаттанғызыз деп тапса, Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібіне сәйкес, Фракция мүшелері ішінен   комитеттердің және комиссиялардың басшылығына басқа депутаттарды ротациялауды ұсынады; 
- Фракция басшысына және оның орынбассарларына Жиналыс өкілеттігінің белгілі бір шамасын, Жиналыстың тек өз компетенциясына жататынынан басқасын, беру туралы шешім қабылдайды;
- Фракция басшысының және оның орынбасарларының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;
- Партия төрағасының келісімімен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Төралқасының шешімі бойынша Жиналыс Фракция қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
- Фракцияның және оның құрамына кіретін депутаттар қызметінің басқа мәселелері бойынша да шешімдер қабылдайды;
10. Жиналыстың ерекше компетенциясына жататындар:
- Фракция мүшелігіне қабылдау;
- Фракция басшысын, оның орынбасарларын және Фракция кеңесін сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
- ниеттестік дауыс беру жөнінде шешім қабылдау;
- Фракцияны тарату жөнінде шешім қабылдау.
11. Жиналыстың шешімі кворум жаңдайында Фракция мүшелері көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады.
12. Жиналыстың жұмысына Фракция мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, шешім алуға құқылы.
13. Жиналыс қажеттілік туған жағдайда өткізіледі. Отырыстың өтетін уақытын және орнын фракция мүшелеріне Фракция басшысы хабарлайды.
14. Жиналысты сессия кезінде де, сессиялардың аралығында да өткізуге болады; Фракция шешімімен көшпелі Жиналыстар өткізілуі де мүмкін.
15. Фракция мүшелерінің көпшілік ұсынысымен немесе жазбаша түскен ұсыныс бойынша, оны Фракция мүшелерінің кемінде үштен бірі қолдаған жағдайда Фракция басшысы жиналыс шақырады, сондай-ақ Партия Төрағасының бастамашылығымен де Жиналыс өткізілуі мүмкін. 
16. Жиналыс Фракция басшысының төрағалығымен өтеді, оның өзі болмаған жағдайда Фракция басшысының тапсыруымен орынбасарларының бірі өткізеді.
17. Жиналыстың жұмысына хаттама жасалады.
18. «Ақ жол» фракциясының құрамына кірмейтін депутаттар Фракция шешімімен Жиналыстың жұмысына қатыса алады.
19. Фракция басшысы бірінші (ұйымдық) Жиналыста Парламент Мәжілісінің қызмет уақытына сәйкестік мерзімге Фракция мүшелері арасынан кворум жағдайындағы ашық көпшілік дауыспен сайланады.
20. Фракция басшысы:
- Фракция жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
- Жиналыстар арасында Фракция қызметіне жетекшілік етеді, соның ішінде Фракция мүшелерінің өтініштері бойынша да, және солардың негізінде, Жиналыстың ерекше компетенциясына жататқызылмаған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
- кезекті жиналыста өткен уақытта қаралған мәселелер және солар бойынша қабылданған шешімдер туралы хабарлама жасайды;
- Парламент Мәжілісінің қарауына басқа депутаттық бірлестіктер тарапынан ұсынылған заң жобаларына қатысты Фракцияның көзқарасын айқындайды;
- Фракция қызметінің мәселелері бойынша фракция мүшелерінің көзқарастарын үйлестіру мәселелерін қарайды және оны шешу үшін Жиналысқа ұсыныс түсіреді;
- Фракция мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, Жиналыстың күн тәртібін белгілейді;
- Жиналыс қабылдаған шешімнің орындалуы бойынша фракция мүшелеріне берілетін тапсырмаларды айқындайды;
- Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында биліктің заң шығарушылық қызметі бойынша Фракцияның көзқарасын білдіреді; 
- сенімхатсыз және қосымша кеңес алмай-ақ Фракция атынан ресми мәлімдеме жасай алады, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің басшыларымен, басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, лауазымды тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау еркіндігі бар;
- Фракция басшысының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөліп береді;
- Жиналыстарға төрағалық жасайды, хаттамаларға қол қояды;
- Фракция мүшелеріне тапсырмалар жүктейді;
- азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен, Фракция атына келетін басқа да хат-хабарлармен жұмыс жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастырады;
- Фракциядан шығатын құжаттарға қол қою құқығы бар;
- Фракция Жиналыстарына лауазымды тұлғаларды, саяси-қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, депутаттық фракциялардың басшыларын, сарапшыларды сөз сөйлеуге шақырады;
- биліктің заң шығару органындағы фракция қызметімен байланысты басқа да өкілеттік міндеттерді орындайды.
21. Өз өкілеттігінің бір бөлшегін, соның ішінде Фракциядан шығатын құжатқа қол қою құқығын басшы жазбаша түрдегі өкіммен өзінің орынбасарларының біріне өткізу құқығына ие.
22. Фракция басшысы орнында болмаған жағдайда Жиналыстар аралығында Фракция басшысы міндетін оның орынбасарлары атқарады.
23. Фракция басшысының өкілеттілігі Төралқаның келісімімен Фракция мүшелерінің кворумы болған жағдайда ашық көпшілік дауыспен тоқтатылуы мүмкін.
24. Фракция басшысының орынбасарлары:
- Жиналыста кворум болған жағдайда фракция мүшелері ішінен Фракция басшысының ұсынысымен ашық өткізілген көпшілік дауыспен сайланады;
- басшының тапсырмасымен мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, Парламент Мәжілісіндегі басқа депутаттық бірлестіктердің өкілдерімен заң шығару қызметіне байланысты және фракция қызметінің басқа мәселелері бойынша да кеңес өткізеді;
- Фракция басшысының тапсырмасымен қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық актуалды мәселелерге байланысты, сондай-ақ заң шығару қызметі бойынша да фракцияның көзқарасы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікір білдіреді;
- алынған міндетіне қарай басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Орынбасардың өкілеттігі өз еркімен немесе Фракция Жиналысының шешімімен тоқтатылады.
25. Фракция қызметінің құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттау, материалдық-техникалық және басқа жағынан қамтамасыз етілу жұмыстарын атқару Фракция Аппаратына жүктеледі. 
26. Фракция Аппараты Фракция Парламент Мәжілісінің бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес тіркелуден өткеннен кейін құрылады, және өз міндетін Парламент Мәжілісінің ағымдағы мерзімінің аяқталуына байланысты фракцияның қызметі тоқтатылғанға дейін атқарады.
27. Фракция басшысының ұсынысымен Фракция Аппаратының басшылығына үміткер Партияның Орталық кеңесі Төралқасымен келісіледі.
28. Фракция Аппаратының лауазымдық қызметкерлерін тағайындау және орнынан алу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Парламент Мәжілісі бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес Фракция басшысымен келісілгеннен кейін, Фракция Аппараты басшысының ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
Фракция Аппаратының басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарына, Палаталар Бюросының және Парламент Мәжілісінің жұмысшы органдарының отырыстарына қатыса алады.
29. Фракция қызметінің осы Жарғымен реттелмеген тәртібі Парламент Мәжілісінің жұмыс тәртібінің нормаларымен реттеледі.