«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық
партиясы» Қоғамдық бірлестігінің
2018 жылғы «13» желтоқсандағы 
XIV съезінде бекітілген
 
 
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің
2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына
өзгерістер мен толықтырулар
 
Астана қ.                                                                                  2018 жылғы «13» желтоқсан
 
 
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына сәйкес (әрі қарай – Жарғы) Жарғыға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 
1. Жарғының 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, №30».
 
2. Жарғының 34.3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші жаңа абзацтармен толықтырылсын:
«Партия Съезінің отырыстары айрықша жағдайларда бейнеконференция режимінде өткізіле алады.
Бұндай жағдайларда, қатысушыларды сәйкестендіру, олардың құзыреттігін және дауыс беру нәтижелерін растау, Партияның орталық кеңесі белгілейтін тәртіпте цифрлық технологияларды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.».
 
3. Жарғының 35.1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«35.1. Партияның Орталық кеңесі Партия Съезімен сайланады.  Партияның Орталық кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Партияның Орталық кеңесі шешуші дауыс құқығына ие 41 мүшеден тұрады.».
 
4. Жарғының 36.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«36.3. Партияның Орталық кеңесінің Президиумі Орталық кеңес мәжілістерінің аралығындағы мерзімде шығып кеткендердің орнына мүшелерінің 1/3 бөлігіне дейін дербес кооптация жасауға құқылы.».
 
5. Жарғының 39.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«39.7. Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясының (жалпы жиналысының) құзыретіне мыналар жатады:
1) Партияның орталық органдарының құзыретіне жатқызылғандарынан басқа, Партия филиалының (өкілдігінің) қызметіне байланысты мәселелерді шешу;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атқарушы органдарына кандидаттар ұсыну жөнінде Партияның Орталық органдарына  ұсыныстар енгізу;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу;
4) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге сайланбалы лауазымдарға кандидатураларды ұсыну;
5) партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін айқындау;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі аудандар мен облыстық бағыныстағы қалаларда Партия өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
7) Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңестерін, оларға конференциялар (жалпы жиналыстар) аралығындағы кезеңде, тиісті органның жалпы санының 1/3 бөлігінен асырмай, өз құрамдарына жаңа мүшелерді кооптациялау құқығын бере отырып,  сайлау;
8) Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағаларын сайлау, олардың есептерін тыңдау;
9) аталмыш аумақтарда Партия атынан өз құзыретінің шегінде шешімдер, мәлімдемелер қабылдау және өзге де іс-әрекеттер жасау.
 
6. Жарғы мынадай мазмұндағы жаңа 39.10-тармағымен толықтырылсын:
«39.10. Партияның Орталық кеңесі немесе Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі мәслихат депутаты етіп сайлау үшін партиялық тізімді тіркегенге дейінгі және одан кейінгі кезеңде аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімнен мәслихат депутатына кандидатты алып тастау жөнінде тиісті ұсыныс жасай алады.».
 
7. Жарғының 40.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«40.3. Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Кеңесінің құзыретіне мыналар жатады:
1) Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясын (жалпы жиналысын) шақыру;
2) Партия Съездерінің, Партияның басшы органдарының, сондай-ақ Партия филиалының/өкілдігінің тиісті конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдерін іске асырудың мониторингін жүргізу;
3) Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) Төрағасының есептерін тыңдау;
4) Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) партия жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарына кандидаттардың Партиялық тізіміне енгізілгендердің ішінен депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін бекіту;
6) сайланған мәслихат депутаттарын кері шақырып алу немесе ротациялау;
7) Партияның Жарғысы мен Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктер.».
 
8. Жарғы мынадай мазмұндағы жаңа 40.4-тармағымен толықтырылсын:
«40.4. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 103-бабының 1-тармағына сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы бірегей заңды тұлға ретінде саяси партияларға тиесілі.
Партия филиалының (өкілдігінің) конференциясының (жалпы жиналысының) осы Жарғының 39.7-тармағының 3) – 6) тармақшаларының және 40.3-тармағының 5) тармақшаларының негізінде қабылданған шешімдері Партия Төрағасымен, оның қолымен және Партия мөрімен расталып, міндетті түрде келісуге жатады.
Сайлау комиссияларына жолданатын филиалдардың (өкілдіктердің) Партия Төрағасының қолымен және Партия мөрімен расталмаған жоғарыда аталған шешімдерінің күші жоқ деп саналады.».
 
9. Жарғының Х бөлімі мынадай мазмұндағы жаңа 44.1 – 44.10 тармақтарымен толықтырылсын:
«44.1. Мәжіліс депутаты мандатының кері қайтарылуы келесі жағдайларда жүзеге асырыла алады:
1) депутаттың басқа өкілді органның лауазымына кірісуі;
2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық қызметпен байланыспаған ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруы;
3) кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануы;
4) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруі;
5) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
6)  оның Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
7) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
9) «Ақ жол» саяси партиясынан шығуы немесе шығарылуы;
10) «Ақ жол» саяси партиясының қызметінің тоқтатылуы;
11) Партияның Бағдарламалық құжаттары мен Жарғысының баптарын орындамауы немесе Партияның атына кір келтіру не оған нұқсан жасау әрекеттері;
12) «Ақ жол» партиясы және оның Фракциясының қызметі мен іс-шараларына жеке қатысудан жалтару;
13) басқа партиялардағы мүшелігін қоса атқаруы;
14) партиялық тәртіптілікті сақтамауы;
15) Партияның орталық органының шешімдерін орындамауы;
16) Партия мүдделеріне және беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауы;
17) өз еркімен отставкаға беруі;
18) хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда.
44.2. Жарғының 44.1-тармағымен қарастырылған фактілер анықталған жағдайларда, депутаттың мандатын кері қайтару мәселесі, түпкілікті шешім қабылдайтын Партияның Орталық кеңесінің қарауына шығарылады. Депутатты кері қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, ол Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
44.3. Орталық кеңестің шешімінен басқа, депутаттың мандатын кері қайтару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімге Орталық сайлау комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастамашы бола алады немесе оны қабылдай алады.
44.4. Мәслихат депутаты мандатының кері қайтарылуы келесі жағдайларда жүзеге асырыла алады:
1) оның заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы;
2) соттың оны әрекетке қабылетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енуі;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылуы;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енуі;
5) оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
7) оның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
8) оның отставка туралы жеке өтініш беруі;
9) депутаттың өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен болмауы;
10) оның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалуы;
11) Партияның Бағдарламалық құжаттары мен Жарғысының баптарын орындамауы немесе Партияның атына кір келтіру не оған нұқсан жасау әрекеттері;
12) «Ақ жол» партиясы және оның Фракциясының қызметі мен іс-шараларына жеке қатысудан жалтару;
13) басқа партиялардағы мүшелігін қоса атқаруы;
14) партиялық тәртіптілікті сақтамауы;
15) Партияның орталық органының шешімдерін жүйелі түрде орындамауы;
16) Партия мүдделеріне және беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауы.
44.5. Жарғының 44.4-тармағымен қарастырылған фактілер анықталған жағдайларда, депутаттың мандатын кері қайтару мәселесі, шешім қабылдайтын филиал (өкілдік) Кеңесінің қарауына шығарылады. Бұндай шешім Партия Төрағасымен ресми келісуге жатады.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағадайда, депутат оған Партиялық комиссияға шағымдануға құқылы.
44.6. Айрықша жағдайларда мәслихат депутатының мандатын кері қайтару Партияның Орталық кеңесінің Президиумының шешімімен жүзеге асырыла алады;
44.7. Депутатты кері қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда, ол аумақтық сайлау комиссиясына жолданады.
44.8. Жарғының 44.4-тармағымен қарастырылған негіздерден басқа, өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының мандаттары келесі жағдайларда кері қайтарыла алады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы;
2) шаруашылық субъекттісін басқаруға дербес қатысуы;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуы.
44.9. Мәжіліс депутатының мандатын кері қайтарылуымен байланысты, Партияның Орталық кеңесі өзінің шешімімен туындаған бос лауазымға кандидатураны депутаттыққа кандидат тізімінде тұрған мүшелерінің ішінен бекітуге құқылы.
44.10. Мәслихат депутатының мандатын кері қайтарылуымен байланысты, филиалдың (өкілдіктің) Кеңесі өзінің шешімімен туындаған бос лауазымға кандидатураны депутаттыққа кандидат тізімінде тұрған мүшелерінің ішінен бекітуге құқылы. Бұндай шешім Партия Төрағасымен ресми келісуге жатады
        
10. Жарғы 44.11. – 44.20 тармақтары бар мынадай мазмұндағы Х-І бөлімімен толықтырылсын:
«X-I. Партиялық наградалар.
44.11. «Ақ жол» партиясы нақты міндеттерді орындауға ерекше сіңірген еңбегі мен жеке үлесі үшін партиялық наградаларды белгілей алады.
44.12. Партиялық наградаларға «Ақ жол» партиясы дербес немесе басқа ұйымдармен бірлесіп маңызды оқиғалардың құрметіне белгілейтін дипломдар, алғыс хаттар, естелік белгілер, кубоктар және медалдар жатады.
44.13. «Ақ жол» партиясының ең жоғарғы дәрежелі наградасы болып «Azattyq» медалы (медаль Свободы) табылады.
44.14. «Azattyq» медалымен:
- ұлттық Тәуелсіздікті бекітуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамытуға;
- сөз еркіндігін қоса, азаматтық құқық пен бостандықты қорғауға;
- сыбайлас жемқорлықпен күресуге;
- демократиялық институттарды және парламентаризм принциптерін дамытуға адамдар ерекше жеке үлес қосқаны үшін марапатталады.
44.15. Марапатталуға Партияның лауазымды тұлғалары, штаттық қызметкерлері, басқарушы органдардың мүшелері және сайланбалы тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер жатпайды.
44.16. Медалға ұсыну құқығына «Ақ жол» партиясының аумақтық партия филиалдарының басшылары мен Орталық кеңес мүшелері ие.
44.17. Марапаттау туралы шешімді партияның Орталық кеңесінің Президиумі қабылдайды.
44.18. Марапаттау әдетте жылына бір рет, ресми іс-шараларда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жүзеге асырылады.
44.19. «Azattyq» медалымен марапатталғандардың саны жылына 7 (жеті) адамнан артық бола алмайды.
44.20. «Azattyq» медалының сипаттамасы Жарғыға №3 қосымшада белгіленген.
 
11. Жарғы мынадай мазмұндағы №3 қосымшамен толықтырылсын:
 
«Ақ жол» Қазақстанның
демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына
№3 қосымша
 
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
Қоғамдық бірлестігі белгілеген
«Azattyq» медалының
СИПАТТАМАСЫ
 
«Azattyq» медалы (әрі қарай – медаль) диаметрі 38 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медалдың бет жағында атпен шауып келе жатқан салт аттының бейнесі орналасқан. Салт аттының оң қолында «Alash» жазуы бар байрақ желбірейді, сол қолының ашық алақаны амандасу қимылын көрсетеді. Салт аттының сол жағында жоғарыда медалдың барлық бет аумағына тарқалатын шуақтарымен күн бейнеленген. Салт аттыдан төмен «Azattyq» ірі жазуы бар, оның астында үзілген шынжыры бар кісен жатыр.      
Медалдың сыртқы бетінде «medal of Liberty, Qazaqstan» жазуы және «Ақ жол ҚДП» логотипі бар.  
Медаль күміс түсті, байрақ пен «Azattyq» жазуы түсті эмальмен көмкерілген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы екі жағында да жіңішке қою көгілдір жиегі бар сұр түсті лентамен қапталған тағанға жалғанады
 
 
Председатель
ДПК «Ак жол»                                                               А. Перуашев                                        
Ұстау

I.Жалпы ережелер

II. Партияның негiзгi мақсаты мен мiндетi

III. Партия қызметiнiң нысаны

IV. Партия құқықтары мен мiндеттерi

V. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарты, тәртiбi, партия мүшелерiн есепке алу, олардың құқықтары мен мiндеттерi

VI. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн құру тәртiбi

VII. Партияның ұйымдық құрылымы

VIII. Партияның Орталық Органдары

IX. Партия филиалдары және өкілдіктері

X. Партиядан кандидаттарды (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну, олардың сайланбалы органдар құрамындағы қызметі және оларды қайта шақырып алу немесе орындарына басқа адамдарды ұсыну тәртiбi

XI. Партияның қаржысы мен мүлкi

XII. Партияның қаржылық-шаруашылық қызметі

XIII. Партия Жарғысы және Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

XIV. Партияны қайта құру және қызметiн тоқтату

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар

Қосымша №1

Қосымша №2