«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
IV. Партия құқықтары мен мiндеттерi.

13. Партия өзінің Жарғысы мен Бағдарламасы айқындаған мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру үшін мынадай құқықтарға ие:
1) өзiнiң қызметi жайлы ақпарат тарату және мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттау;
2) ерiктi түрде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгу;
3) Қазақстан Республикасының Президентiгiне, Республика Парламентi Мәжiлiсi мен мәслихаттары депутаттығына; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттығына кандидаттар ұсыну;
4) өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
5) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, тосқауылдар өткiзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалар шеңберiнде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
7) халықаралық байланыстар орнату және нығайту, тиісті келісімдер жасау, діни бағытты есепке алмағанда, халықаралық коммерсиялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше болу.
14. Партия:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының талаптарын сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен және ақпараттар көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
3) Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы мен Партияның басшылары жайлы мәлiметтердегi өзгерiстер туралы заңды тұлғаларды мемлекеттiк бiрегей тiркелімге енгізілген мәлiметтер көлемiнде тіркеуші органды хабарлап отыруға;
4) өзiнiң қаржылық қызметi жайлы салық органдарына Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген мерзімде және көлемде есеп берiп отыруға міндетті.