«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
V. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарты, тәртiбi, партия мүшелерiн есепке алу, олардың құқықтары мен мiндеттерi.

15. Әскери қызметтегілерді, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және соттарды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы партия мүшесi бола алады.
16. Партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
17. Партияға мүше болу ерiктiлiк, жекелiк және тіркелген негiзде жүргiзiледi.
18. Партияға мүшелiкке қабылдау партияға кiрушi адамның:
1) бастауыш партия ұйымы арқылы партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе Партия өкiлдiгiне;
2) тiкелей Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiне;
3) Партияның Орталық кеңесінің Президиумына жазбаша берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
19. Партия мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi:
1) бастауыш партия ұйымы арқылы Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiне, немесе тiкелей Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiне берiлген өтiнiштер бойынша – тиiстi филиалдың Кеңесі немесе өкiлдiгi;
2) Партияның Орталық кеңесінің Президиумына берiлген өтiнiштер бойынша - Партияның Орталық кеңесінің Президиумы қабылдайды.
20. Партия мүшелерiнiң есебi Партияның тиiстi филиалының Кеңесі немесе өкiлдiгiне немесе Партияның Орталық кеңесінің Президиумына келiп түскен өтiнiштердi тiркеу жолымен Партияның тиiстi филиалының Кеңесі немесе өкiлдiгi немесе Партияның Орталық кеңесінің Президиумы кейінірек партия мүшелерiнiң мәлiмет базасын қалыптастыру және енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
Партия мүшелерiнiң, сондай-ақ партияға мүшелiктi куәландыратын құжаттардың мәлімет базаларын қалыптастыру және жүргізу партияның Орталық кеңесінің Президиумы бекiткен партияға мүшелiктi куәландыратын құжатты беру, мәлiмет базасын қалыптастыру және енгiзу Ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
21. Партия мүшелерi мүшелiк жарна төлейдi. Партия мүшесi Партия құрамынан шыққан жағдайда оның партия мүшелiгi тоқтағанға дейiнгі төлеген жарнасы қайтарылмайды.
 
1
 2 >>