«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
VII. Партияның ұйымдық құрылымы.

28. Партияның ұйымдық құрылымы аумақтық принциптер негiзiнде құрылады.
29. Партияның орталық басқарушы органдары болып Съезд, Партияның Орталық кеңесі және оның Президиумы, Партия Төрағасы және Бақылау-тексеру комиссиясы табылады.
Аймақтық және жергілікті деңгейде Партияның құрылымдық бөлімшелері - Партияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары (өкілдіктері) болады.
30. Партия филиалдары (өкілдіктері) Партия съезінің шешiмiн қабылдау жолымен құрылады және Партия мемлекеттiк тiркеуге алынғаннан кейiн, заңнамаларда белгiленген тәртіп пен мерзiмде есептiк тiркеуден өтедi.
Партияның өкілдіктері аудандар мен облыстық бағыныстағы қалаларда тиісті облыстың Партия филиалының конференциясының оларды құру жөніндегі шешімінің негізінде құрылады.
31. Филиалдар (өкiлдiктер) Партия берген құқықтармен және мүліктерді пайдалану құқығына ие бола алады. Олар дербес заңды тұлға болып табылмайды, Партияның орталық басшылығына бағынады және есеп береді, Партияның Орталық кеңесінің Президиумы бекiткен Ережелер негiзiнде әрекет етедi, және өз қызметiнде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын және Партияның орталық органдарының шешiмдерiн басшылыққа алады.
32. Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) басқару органдары Партияның жоғары басшы және басқарушы органдарының шешiмдерiн жүзеге асыру барысында Партияның стратегиялық бағытын ұстана отырып және Партияның ресми ұстанымына және құжаттарына қайшы келмей, алдарына қойылған мiндеттердi орындауға қол жеткiзу жолдарын дербес айқындай алады.
Партияның Орталық органдарымен кездесуі мүмкін келіспеушіліктерді Партия филиалдарының (өкілдікктерінің) басқарушы органдары Партияның беделі мен мүдделеріне нұқсан келтірмей тікелей ішкіпартиялық пікірсайыстар жолымен шешуге міндетті.
Партия ішіндегі дауларды басқаша, Партия мүдделері мен беделіне нұқсан келтіретіндей шешу әдістеріне жол берілмейді, Партия Жарғысына сәйкес емес деп танылады және Партиядан шығаруға дейін әкеліп соғатын партиялық жауапкершілік шараларын қолдануға мәжбүрлейді.
33. Партия мүшелерi ерiктi түрде бастауыш партия ұйымдарына бiрiгуге құқылы, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларға қайшы келмесе.
Бастауыш партия ұйымдары Партияның құрылымдық бөлiмшелерi болып саналмайды және заңды тұлға бола алмайды.