«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы
VIII. Партияның Орталық Органдары.

34. Партияның Жоғары органы Партия съезі болып табылады.
34.1. Съезд кем дегенде төрт жылда бір рет және Партияның Орталық кеңесінің шешімімен немесе Партия филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) кем дегенде жартысының талаптары бойынша қажеттілікке қарай шақырылады.
Партияның іс-әрекетінде кейінге қалдыруға болмайтын мәселелер бойынша кезектен тыс съезд ұйымдастырылған жағдайда Партияның Орталық кеңесінің Президиумының шешімімен Партия Съезін шақыруға жол беріледі.
34.2. Партия Съезінің шешімдері оның жұмысына сайланған делегаттардың жартысынан астамы қатысса өкілетті және егер осы Жарғымен немесе Съездің өз шешімімен өзгешелік болмаса жәй көпшілік дауыспен қабылданады.
34.3. Партияның Съезiне өкілдіктер нормасын және делегаттар сайлау тәртiбiн Партияның Орталық кеңесі және (немесе) Партияның Орталық кеңесінің Президиумы анықтайды. Егер партия съезіне делегаттар сайлайтын тиісті конференциялардың мәжілістері объективті себептерге байланысты партияның қандай да бір филиалында (өкілдігінде) өтпей қалған болса, онда Партия съезі оның мәжілісінде қатысып отырған тиісті аймақтардың өкілдерін өзінің шешімімен съезд делегаттары құзырында бекітуге құқылы, бірақ облыстардың жалпы санының 1/4 бөлігінен аспаған жағдайда.
34.4. Партияны ерiктi түрде қайта құру және тарату туралы партия съезiнiң шешiмi партияның барлық филиалдарының (өкілдіктерінің) өкiлдері қатысқан жағдайда съезд делегаттарының 2/3-нің дауысымен қабылданады.
34.5. Дауыс беру түрi Съездің тиiстi мәжiлiсінде анықталады.
34.6. Партия Съезiнiң шешiмдерi түпкілікті және Партияның барлық мүшелері мен органдарының орындауы үшін міндетті болып саналады.
Мәселелер Партия ішіндегі пікірсайыс аясынан шығып кетіп, ҚР заңнамаларына қайшы келіп жатса, оған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шағым беруге болады.
34.7. Партия Съезі Партия қызметінің барлық мәселелерін шешуге құқылы.
34.8. Партия Съезiнiң айрықша құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын қабылдау және оларға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;
- Партияның Орталық кеңесiн, Партияның Төрағасын және Партияның бақылау-тексеру комиссиясын сайлау, сондай-ақ олардың есептерiн тыңдау және бекiту;
- Партия мүшелерiн Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат ретiнде ұсыну, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тiркеу үшiн ұсынылатын депутаттыққа кандидаттардың партиялық тiзiмiн бекiту;
- Партияның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ Партияның филиалдарын (өкiлдiктерiн) құруы немесе олардың қызметiне қатысуы жөнiнде заңнамалық актілерде белгіленген шеңберде шешiм қабылдау;
- Партияны ерiктi түрде қайта құру мен тарату туралы шешiмдi қабылдау;
- Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнің) қызметiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалардың құрамындағы партияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдау;
-Партия бюджетін бекіту;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай, Партияның басқа да маңызды мәселелерiн шешу.
1
 2 3 >>