«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Жарғы

IX. Партия филиалдары және өкілдіктері.

39. Партия филиалының (өкілдігінің) жоғары органы конференция (жалпы жиналыс) болып табылады.
39.1. Партия филиалының (өкiлдiгiнің) конференциясы (жалпы жиналысы) Партия филиалының (өкiлдiгiның) Кеңесiнiң, оның Төрағасының немесе жергілікті бастауыш партия ұйымдарының 1/3-нің бастамасымен не Партияның Орталық басшылығының талап етуі бойынша қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде екі жылда бiр рет шақырылады.
39.2. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдері оның жұмысына сайланған делегаттардың жартысынан астамы қатысқанда өкілетті және дауыс жәй көпшілікпен қабылданады.
39.3. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясына (жалпы жиналысына) делегаттар сайлаудың тәртібін Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі белгілейді.
39.4. Дауыс беру түрі тиісті конференцияда (жалпы жиналысында) анықталады.
39.5. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдері Партияның аталмыш Филиалының (өкілдігінің)  барлық мүшелеріне орындалуы үшін міндетті болып табылады.
39.6. Егер Партия филиалдардың (өкілдіктерінің) конференцияларының (жалпы жиналыстарының) қабылдаған шешiмдерi Партияның  және оның орталық басшылығының жалпы саясатына қайшы келетін болса, не  Партияның мүдделері мен беделіне нұқсан келтірсе, осы Жарғыда қарастырылған тәртіппен Партияның орталық органдары шешімді тоқтата алады не күшін жоя алады.
39.7. Партия филиалының (өкiлдiгiнің) конференциясының (жалпы жиналысының) құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның орталық органдарының құзыретiне жатқызылғандарынан басқа, Партия филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiне байланысты мәселелердi шешу;
- Қазiргi заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттығына, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атқарушы органдарына кандидаттар ұсыну жөнiнде Партияның Орталық органдарына  ұсыныстар түсiру;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес партияның Орталық кеңесi анықтаған тәртіппен келiсе отырып, мәслихат депутаттарының және өзге де мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалы лауазымдарына кандидатураларын ұсыну;
- Партияның тиiстi филиалдары (өкiлдiктерiнiң) Кеңестерiн сайлау, оларға конференциялар (жалпы жиналыстар) аралығындағы кезеңде өз құрамдарына жалпы санының 1/3-нен асырмай жаңа мүшелер енгізу үшін кооптация құқығын беру;
- Партия филиалның (өкілдіктерінің) Төрағаларын сайлау, олардың есептерін тыңдау;
- Аталмыш аумақтарда Партия атынан өз құзіретінің шегінде шешімдер, мәлімдемелер қабылдау және өзге де іс-әрекеттер жасау.
1
 2 3 >>