Азат Перуашев Семейдің мәртебесімен қатар Қазақ Республикасының 100 жылдығын да айтып өтті

» Баспасөз релиздері » Азат Перуашев Семейдің мәртебесімен қатар Қазақ Республикасының 100 жылдығын да айтып өтті

10.01.2020, 09:49

10 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев: «Көптеген қазақстандықтар Семей үшін ерекше мәртебе күтті. Себебі, қала облыс орталығы мәртебесінен айырылғаннан кейін халықтың өмірі күйзеліске түсті. Көптеген тұрғындар мен депутаттар Парламент депутаттарынан осы мәселені шешу шараларын қолға алуды сұрады.

Егер біз тарихи аспект турасынан айтатын болсақ, Семейде Қазақстанда алғашқы театр, алғашқы баспахана, алғашқы футбол командасы пайда болды. Сондай-ақ, Семей «Алаш Орда» Қазақ ұлттық автономиясының алғашқы астанасы болды. Өздеріңізге белгілі, биыл Қазақ Республикасына 100 жыл толады. Қазақ ұлтының мемлекеттілігі осы қаланың тағдырымен байланысты, сондықтан біз бұл шешім үшін ризамыз» деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, депутат Семей қаласының тұрғындары ақынның мерейтойын тойлағаннан кейін де мемлекет тарапынан назар ағыны азаймаса деген тілегін жеткізді.

Азат Перуашев қаланың ерекше мәртебесі әлеуметтік-экономикалық саясатты тиісті деңгейде жүргізуге және қаладағы қолайлы климатты қолдауға мүмкіндік беретініне сенімді.