«Алаштың ақ жолы» байқауына жұмыстар қабылдау мерзімі 15 қазанға дейін ұзартылды

» Алаш аманаты » «Алаштың ақ жолы» байқауына жұмыстар қабылдау мерзімі 15 қазанға дейін ұзартылды

01.10.2019, 10:30

«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының мерзімін 15 қазанға дейін ұзартты.

Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары қатыса алады.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы

2. Алаш ұстанымы және бүгінгі ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелері

3. Ұлы Дала  жетістіктерін зерделеудегі Алаштың рухани мұрасының орны

4. Бүгінгі заман контексіндегі Алаш – БАҚ үшін арнайы номинация

Мақаланың (эссенің) көлемі 10 беттен аспауы тиіс.

Байқаудың жүлде қоры – 4 миллион теңге.

Байқау жұмыстарын «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыздар.