Арыс қаласында өткен конференцияда «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

» Аймақ - жаңалықтары » Түркістан облысы » Арыс қаласында өткен конференцияда «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

03.02.2020, 10:23

3 ақпан 2020 жыл «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы

Өткен жұмада «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалының партиялық конференциясы өтті. Партияның облыстық активінің бастамасымен оны Арыста өткізу туралы шешім қабылданды.

Конференцияға партия төрағасы Азат Перуашев, КДП тексеру комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, көршілес аймақтардан Қазақстанның «Ақ жол» партиясының төрағалары: Қызылорда – Жорабек Прманов, Жамбыл – Асан Кошмамбетов, Шымкент – Әлімхан Абжанов қатысты.

Конференция алдында партия төрағасы Азат Перуашев басшылығы жергілікті өндірістік кәсіпорындарда болып, қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен және өткен жылғы оқиғалар кезінде зардап шеккен қала нысандарының жай-күйімен танысып, тұрғындармен кездесті.

Конференцияға облыстың барлық аудандарынан 295 делегат қатысты. Шара барысында фракция жетекшісі Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясының жұмысы туралы айтты.

Талқылау нәтижесінде «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Абзал Салықбаев сайланды. Ол еңбек жолын депода бастап,  «KTZ Freight» АҚ аймақтық директорының орынбасары болған. 29 жастағы Абзал Салықбаев «Ақ жол» партиясының облыстық филиалдарының ішіндегі ең жас көшбасшы болды.