Ақжолдықтар мемлекеттік холдингтардың табыс дивидендінің бюджетке аударымын әлдеқайда ұлғайтуды талап етеді – “adyrna.kz”

» Баспасөз жарияланымдар » Ақжолдықтар мемлекеттік холдингтардың табыс дивидендінің бюджетке аударымын әлдеқайда ұлғайтуды талап етеді - "adyrna.kz"

23.10.2019, 17:02

https://adyrna.kz/post/25251

«Ақ жол» депутаттары мемлекеттік холдингтардың табыс дивидендінің бюджетке аударымын әлдеқайда ұлғайтуды талап етеді – бұл туралы Азат Перуашев 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында мәлімдеді. 

«Бюджетті толтырудың сүбелі резервін Самұрық-Қазына» әл-ауқаттық қоры, «Бәйтерек», «Қазагро» сынды мемлекеттік холдинг пен ұлттық компаниялардың табысынан көруге болады».

Егер республикалық мемлекеттік кәсіпорындар бюджетке дивиденд есебінен 50%-ға дейін табысын бөліп отырса, аталмыш мега-субъектілер үшін мүлдем бөлек параметрлер белгіленген.  Мысалы, 2018 жылғы таза табыс көлемі «Самұрық-Қазынада» 821 млрд теңге болса, «Бәйтерек» холдингінікі 80 млрд теңгені құраған. Субъектілердің ел экономикасының 60%-н құрап отырғанына және оның көп бөлігі дәл осы бюджеттен келетініне қарамастан, олардың жыл соңындағы мемлекет пакет акциялары дивиденді 19 млрд теңге, яғни табыстың 2%-ын ғана құраған.

Таяуда Үкіметтің бюджетті нақтылау барысында аталмыш дивидендтердің 50 млрд теңгеге өсуі қуантарлық дүние. 

Соның өзінде бұл мемлекеттік холдингтердің таза табысының 10% ғана құрайды. 

«Осыған орай, «Ақ жол» партиясы орын алған мәселені қайта қарап, квази мемлекеттік сектордың бюджетке бөлінетін дивидендін ұлғайтуды міндеттеуді сұраймын»,  деді Перуашев. 

Партия депутаттары мемлекеттің азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіп жатқан кезінде, бюджетке кірісті квази мемлекеттік сектор тарапынан ұлғайту керек деп есептейді. 

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі