“Ақ жол” демократиялық партиясының сауалы бойынша прокуратура Атырау облысында ИВЛ-дарды сатып алуға байланысты тергеу бастады

» Баспасөз жарияланымдар » "Ақ жол" демократиялық партиясының сауалы бойынша прокуратура Атырау облысында ИВЛ-дарды сатып алуға байланысты тергеу бастады

30.07.2020, 09:30

Атырау облысында ИВЛ-дарды сатып алу туралы іс бойынша тексеру басталды –  деп хабарлайды  zakon.kz 

Соңғы кезде БАҚ-да Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының ИВЛ-дарды сатып алу мәселесі қарқынды талқылануда. Осыған байланысты облыстық прокуратура жүргізген  мониторинг бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясына «ОралМедРегион»  ЖШС-нің директоры басқарманың лауызымды тұлғаларының әрекетіне шағым жасағаны анықталды.

  Мысалы, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алулар шарты бойынша  «ОралМедРегион» ЖШС-і республикалық бюджет қаражатынан 598 млн теңге қаржыға 45 дана ИВЛ-дарды  сатып алуға шарт жасасқан. Бірақ келесі күні аталмыш компания мекен-жайына шарттың ары қарай орындаудың маңызы жоқ екеніне байланысты шартты біржақты бұзатыны туралы хат жолдайды.   Мұндай хатты жолдауға Қаржы министрлігінен ИВЛ-дарды жергілікті бюджет  қаражатынан сатып алу жоспарланғаны туралы түскен хат негіз болған, – деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.  

Аталған оқиға бойынша Атырау облысының прокуратурасы басқарманың лауазымды тұлғаларына қатысты жинақталған материалдарды  сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне тергеуге жіберді.