«Ақ жол» демократиялық партиясы 2020 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын жариялайды

» Алаш аманаты » «Ақ жол» демократиялық партиясы 2020 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын жариялайды

10.03.2020, 19:12

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУ

Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау. 

Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жұмыстарымен (эссе, мақала) қатыса алады.

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. 

Байқау келесі үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. Қазақ Республикасының 100 жылдығы: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АКСР-іне ұласуы.

Тақырыптық бағыттар:

  • Алаш қайраткерлерінің замануи қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы және Қазақ Республикасын құрудағы рөлі;
  • Алашорда мүшелерінің ҚАКСР мемлекеттік органдарын, білім мен мәдениет, экономика мен өнеркәсіп мекемелерін құрудағы және қалыптастырудағы рөлі;
  • Алаш және демократиялық құндылықтар;
  • Алаш және декоммунизация мәселелері.
  1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: ұлы ақынның шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі. 

      Тақырыптық бағыттар:

  • Алаш қайраткерлерінің Абай шығармалары мен феноменін жұртшылыққа танытудағы рөлі; 
  • Абай және ұлтты ағарту;
  • М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Алаш құндылықтарының көрініс табуы; 
  • Алаш құндылықтары мен Абайдың «Қара сөздерінің» өзара байланысы. 
  1. Алаш қозғалысындағы «ақтаңдақтар».

Тақырыптық бағыттар;

  • Алаш қозғалысы тарихынан және Алашорда көсемдері өмірінен тың деректер; 
  • Қазақстанның әртүрлі аймағындағы белгісіз Алаш қаһармандары. 

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1-кезеңде  Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр номинация бойынша үздік 10 (барлығы – 30) жұмыс екінші кезеңге жіберіледі.

2-кезеңде  үздік 30 жұмыстың авторлары тақырыбы бойынша баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас үміткерлермен пікірталасқа түседі. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде болатын бұл кезең  «Ақ жол» ҚДП белгілеген қалада өткізіліп, әр номинциядан үздік үш (барлығы 9) қатысушы ақтық сынға жолдама алады.  

3-кезең Алашорда үкіметінің құрылған күні қарсаңында, желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Байқау шарттары:

  1. Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің) атынан  және өзі көрсеткен номинация бойынша ұсынылады;
  2. Жұмыста Алаш қайраткерлері көзқарастарының бүгінгі дәуірмен сабақтастығы міндетті түрде қамтылуы тиіс;
  3. Плагиатқа (басқа авторлардың дайын жұмыстарын көшіріп ұсынуға) жол берілмейді;
  4. Шығарма бастақырыбының оның мазмұнына сәйкес келгені және тапқыр да жинақы қойылғаны мақұлданады; 
  5. Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;
  6. Талапқа сай безендірілмеген және мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.   

Мақаланы (эссені) рәсімдеу талаптары:

Мәтін 14 өлшемді Times New Roman қарпімен теріледі; жоларалық интервал – 1; абзац шегінісі – 1,25 см; беттің оң жағынан – 3 см, үстіңгі және астыңғы жағынан –  2 см, сол жағынан 1,5 см кеңістік қалдырылады. 

Қатысушы өтінішінің үлгісі: 

Толық аты-жөні
Туған күні, айы, жылы
Тұрғылықты мекенжайы
Қызмет (оқу) орны
Ғылыми дәрежесі (бар болса)
Ұялы телефон нөмірі
Электронды поштасы
Номинациясы
Мақала (эссе) тақырыбы

Мақаланың (эссенің) көлемі 10 беттен аспауы тиіс. 

Байқауға ұсынылатын жұмыстар  2020 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Байқаудың жүлде қоры келесі тәртіп бойынша бөлінеді:

2-кезеңге жолдама алған үміткерлердің әрқайсысына (ақтық сынға өтетін 9 қатысушыдан басқасына) 25 мың теңгеден қаржылай сыйлық беріледі.

Ақтық сайыс қорытындысы бойынша номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін қаржылай сыйлық көлемі: 

Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

Екінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

Үшінші орын – 100 000 (жүз мың) теңге.

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлерге Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады. 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің мақалалары жеке жинақ түрінде жарық көреді.

Байқаудың 2 және 3-кезеңдеріне қатысушылардың іссапар және жатын орын шығындары «Ақ жол» ҚДП  тарапынан төленеді. 

Байқау жұмыстары «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына (Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash_akzhol@mail.ruakzholpress@mail.ru электрондық поштасына жолданады.