«Ақ жол»: Еліміздің жоғары оқу орындарында соңғы 15 жылда эпидемия мамандары даярланбаған

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Еліміздің жоғары оқу орындарында соңғы 15 жылда эпидемия мамандары даярланбаған

22.04.2020, 14:45

        22 сәуір 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

          Елімізде эпидемияның таралу тенденциясын кәсіби тұрғыда бағалай алатын мамандар аз. Қазақстанда 2007 жылдан бері эпидемиолог мамандарын дайындалмаған. Бұл туралы бүгін  «Ақ жол» фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өзінің депутаттық сауалында мәлімдеді. Сауал мәтіні төменде келтірілген.

Қазақстан Республикасының

Премьер –  Министрі

А.Ұ.Маминге

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Екі ай бойы бүкіл дүниежүзі таң атысымен коронавирус туралы ақпаратты майданнан хабар күткендей қарайды. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан бойынша ахуал ел Президенті мен Үкімет  қабылдаған  карантин  енгізу мен еліміздің өңірлерде өзін-өзі оқшаулау шаралары оң нәтижесін берді.

Бұл бүкіл  әлемдік қауымдастық орасан  шығындарға,  адами шығындарға ұшырап жатқанда әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан болмаса да елімізде індеттің ауыр салдары жойылады деген  үміт ұялатады.

Оқшаулау  кезіндегі  дәрігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметіне түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытқан азаматтар құрмет пен алғысқа лайық. 

         Қорытындылар шығаруға әлі де ерте болса да, төтенше жағдай  бірнеше өткір мәселелердің басын ашып берді. Олардың көпшілігі қоғамда қызу талқылануда, «Ақ жол» Демократиялық партиясы өзінің алдыңғы мәлімдемелерінде және депутаттық сауалдарында нақты фактілерді атап өткен болатын.

Дегенмен,  мына бір мәселе ерекше қарауды қажет етеді. Біздің партияға өтінішпен жүгінген медицина саласының қоғамдық өкілдерінің  айтуынша, Қазақстанда он бес жылдан бері эпидемиолог мамандарын даярлау жүргізілмейді.

   Медициналық жоғары оқу орындарының 2005-2007 жылдарға дейін жұмыс істеп келген санитарлық –эпидемиологиялық  факультеттері  емдеу факультеттері мен жалпы медицина факультетіне біріктірілді. Содан бері медициналық жоғары оқу орындарында «Эпидемиология» мамандығы жоқ, олардың біліктілік талаптары да жойылды.

Бұндай жағдай объективтік себептерге байланысты туды, өйткені  сол кезде ЖОО  бітірушілер мамандықтары бойынша жұмыс таба алмады, ал СЭС органдары жұмысқа орналасушылардың арнаулы кәсіби құзырларына емес,  мемлекеттік қызмет талаптары бойынша басымдық берді.

Бүгінгі таңда эпидемиология саласының соңғы  мамандары тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау органдарында, немесе жеке меншік салада жұмыс істейді. Олар зейнетке кеткен соң олардың орындарын, қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, яғни, менеджерлер мен заңгерлер басады. Алайда эпидемияның  алдын алу және  жою  ерекше кәсіби біліктілікті, вирусология, иммунология, биохимия және тағы басқалар салаларды қажет етеді.

         Сондықтан, біздің елдегі пандемия деңгейінің төмендігі туралы оптимизміміз фактілермен расталғанмен, эпидемияның даму тенденцияларын кәсіби түрде бағалай алатын адамдардың аздығына алаңдау керек. Сонымен қатар, қазір жұмысқа қайтып оралып жатқан кейбір кәсіпорындардағы эпидемиологиялық ахуалды бағамдау тіпті мүмкін емес. Алайда пандемиямен күрес дәл сол жерлерде шешіледі.          

       Мемлекеттің назарынан тыс қалған эпидемиологтардың жоғалуы – «отряд жауынгердің жоғалғанын байқамадының» кері келуі, еліміздегі  денсаулық сақтау жүйесінің, оның нормалары және басымдықтары –   жаһандық дағдарыстар мен қарсылықтарға  дайын  еместігін көрсетеді.

Әрине, бұл жағдай тек денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселе ғана емес.

Қазір біздің басты назарымыз дәрігерлеріміздің жаңқиярлық еңбегіне ауып отыр, олар өздерінің денсаулықтарын құрбан ете отырып  бұрыннан келе жатқан олқылықтарды жауып, кәсіби біліксіздіктерді көрсетпей, жергілікті медицина шенеуніктерінің бассыздықтарын байқатпады. Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл әрекет етіп, жұртшылықтың  талаптарына назар  аударуда. 

Көптеген елдерде құндылықтарды қайта қарау жүруде,  «жұлдыздардың», кәсіби спорт және шоу –бизнес өкілдерінің   миллиондаған жалақыларына қатысты кері пікірлер айтылып, қарапайым дәрігер еңбегі қоғам үшін қаншалықты маңызды екені айтылуда  

Экономикада және өмір сүру деңгейінде ғана емес, сонымен қатар бұрынғы денсаулық сақтау жүйесі тиімсіз болған денсаулық сақтау қаупі саласында да жаңа, әлдеқайда қатал шындық пайда болды. Коронавирусты індеттің қайталануы Жапония мен Сингапур сияқты дамыған елдерде де байқалады, халықаралық сарапшылар пандемияның ұзаққа созылатын сипаты мен жаңа вирустардың пайда болатынын болжауда.    

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Үкіметтен шұғыл түрде:

– Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы немесе Батыс –Қазақстан медицина университеті (бұрын сәйкес  факультеттер болған) базалары жанында мамандандырылған Эпидемиологиялық орталық (институт) құруды  ;

– медициналық жоғары оқу орындарында «эпидемиология» мамандығын қалпына келтіруді, оқу бағдарламалары мен біліктілік талаптарын бекітуді;

       –  жаңа оқу жылынан бастап аталған мамандық бойынша абитуриенттер үшін қосымша гранттар, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шет елдерде оқу гранттарын бөлуді; 

         –  жергілікті жерлерде эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін медициналық мамандардың қажеттілігі үшін қайта даярлауды;

  – Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі Комитеті қызметкерлері үшін медицина қызметкерлерінің бейіндік деңгейінде санитарлық –эпидемиологиялық міндетті біліктілік талаптарын енгізу бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

Құрметпен,

«Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының депутаттары