«Ақ жол – жастар» 5 жылдығын атап өтті

» Санат жоқ » «Ақ жол – жастар» 5 жылдығын атап өтті

12.03.2020, 09:56

12 наурыз 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

            2020 жылдың 12 наурыз күні, «Ақ жол» партиясының, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Ақтау қаласындағы «Ханшаһар» салтанат сарайында партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының 5 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

         Шарада «Ақ жол» жастар театры қоржынындағы «Қыршын», «Ерім деп өткен – Ер Жалау», «Махаббат мұңы», «Жұлыгқұрт», «Ананың ақ сүті» атты спектаклдердің сүбелі сахналарынан үзінділері сахналанып, партия төрағасы Азат Перуашевтің бейнеқұттықтауы тыңдалды.

         Сондай-ақ,жастар қанатының 5 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы арнайы репортаж көрсетіліп, «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, әнші-термеші Оспан Құлсымақ кешті Сәттіғұлдың термесімен тербеді.  

         Кеш барысында «Ақ жол» партиясының тұғырнамасында көрсетілген мақсат-міндеттерді орындауда салмақты үлес қосып, Алаш арыстарын ардақтау жолындағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, еліміздің қоғамдық-саяси іс-шаралары мен жастар саясатын дамытуға үлес қосқан жігерлі жастарды және жастар қанатының  атқарған жұмыстарына әрдайым тілеулес болған ата-аналар мен қолдау танытқан мекемелерге партия төрағасы А. Перуашевтің Алғыс хатын партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Асылхан Төлеббергенұлы табыстады.

         Сонымен қатар, өңірде мемлекеттік жастар саясатының дамуына үлес қосқан «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері Маңғыстау облысының әкімі С.Тұрымовтың, Ішкі саясат басқарма басшысы Е.Күмісқалиевтың және облыстық жастар ресурстық орталығы директоры А.Фазылбекұлының Алғыс хатымен марапатталды.  

Кеш соңында жастар қанатының әнұраны шырқалды.