«Ақ жол» партиясы Президент Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында берген тапсырмаларын қолдайды

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» партиясы Президент Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында берген тапсырмаларын қолдайды

24.12.2019, 11:49

24 желтоқсан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 20 желтоқсандағы отырысында берген тапсырмаларын қолдайды.

Партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдегендей, Мемлекет басшысының саяси жүйені реформалау жөнінде айтқан митингілер туралы хабарлау рәсіміне көшу, саяси партияларды құруды жеңілдету, парламенттік оппозиция институтын біріктіру, бюджеттің жұмсалуына саяси және қоғамдық бақылауды енгізу сынды тапсырмалары қоғамның балама жолмен дамуын білдіреді.

«Ақ жол» қоғамның алдында биліктің ашықтығы мен есеп беруінің стратегиялық бағыты Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекітілгенін атап өту маңызды деп санайды.

Президент Тоқаев мемлекеттің кемелдігі мен батылдығын қажет ететін осы векторды кеңінен іске асыруды бастады. Өйткені, бұған дейін оның президенттік сайлауды ертерек өткізгені саяси бәсекелестіктің күшейе түсуімен байланысты болды.

Осылайша, елде жүргізіліп жатқан мемлекеттік демократияландыру саясатының сабақтастығы мен прогрессивті сипаты көрсетілді.

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы алға қойылған міндеттерді қолдайтындынын және оларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендігін мәлімдейді.

«Ақ жол» партиясы ұсынылған демократиялық бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша парламентке нақты ұсыныстарын ұсынуға дайындалып жатыр.

Біз саяси реформалар елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің маңызды факторына айналатынына сенім білдіреміз.

Бүгін «Ақ жол» партиясы Президент Тоқаевқа Қазақстан Республикасының саяси жүйесін ырықтандырудағы бастамалары үшін алғыс айтып, хат жолдады.