«Ақ жол»: Қаржы нарығының тұрақтылығы банктердің активтерімен емес, қоғамның аман-саулығымен өлшенеді

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Қаржы нарығының тұрақтылығы банктердің активтерімен емес, қоғамның аман-саулығымен өлшенеді

15.04.2020, 16:33

«Ақ жол» фракциясы ТЖ жөніндегі Мемкомиссия шешімдерін іске асырудағы кедергілерді сынға алды

15 сәуір 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Қаржы нарығының тұрақтылығы банктердің активтерімен емес, қоғамның аман –  саулығымен өлшенеді. Бүгін «Ақ жол» фракциясының төрағасы А.Перуашев өзінің депуттатық сауалында ТЖ жөніндегі Мемкомиссия шешімдерін іске асырудағы кедергілерді сынға алды.

ҚР  Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап Мемлекет басшысы ел азаматтарының  өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін бұрын-соңды болмаған, теңдессіз шараларды қолға алды. «Ақ жол» Демократиялық партиясы мемлекеттің осы әрекеттерін қазіргі жағдайда бірден-бір дұрыс шешімдер деп санайды.

 Қазіргі ауыр кезеңде Президент Қ.Тоқаев  шешімін қажет ететін  шұғыл әлеуметтік мәселелердің ғана емес, мыңдаған кәсіпорындардың тоқтауымен шығынға ұшыраған экономикаға көмек көрсету үшін де барлық мүмкіндіктерді ойластыруда. Дағдарыстың  алғашқы күннінен бастап, оның әрбір сөзі, мәлімдемелері шағын және орта бизнесті қолдауға арналып келеді. Олар көбіне жаңашылдық сипатта айтылды, мысалы, қазіргі қолданыстағы Салық Кодексінде қарастырылмаса да, басымдыққа ие қажетті тауалардың кейбір түрлеріне қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізілді. 

Ел Президентінің бұл шешімі төтенше жағдай шеңберінде қабылданды, ал «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы 2012 жылдан бері бірнеше рет осындай  амалды ұсынып келеді және олар үнемі салық органдары тарапынан түсінбестікке ұшырап, қолдау таппады. Салық заңнамасын талқылау шеңберінде біз бұл жолы да қажетті басымды және әлеуметтік маңызды тауарлар өндірісі үшін қосымша құн салығының мөлшерлерлемелерін төмендету туралы өзгерістер енгізуді ұсынамыз және бізді енді естиді деп сенеміз.

Сонымен бірге, өңірлерден түскен шағымдарға қарасақ, Мемлекеттік комиссия  шешімдері іс жүзінде көптеген мәселелермен бетпе-бет келуде. Медициналық мекемелерді қорғау құралдарымен қамтуда, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлерге қосымша үстемақыларды тағайындауда, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде, мемқызмет көрсетудің цифрландыру және қашықтықтан оқыту ісінде кедергілерге ұшырау үстінде.  Жемқорлық көріністері туралы да хабарлар айтылуда.

«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлерден жергілікті жерлерде салық органдарының салық төлемдері, оның ішінде, әлеуметтік салық және өндірістік табыс салығындағы алдын-ала төлемдер туралы шағымдар келіп түсуде. Демек, Мемлекеттік комиссияның шағын және орта бизнесті 1 қазанға дейін салықтан босату туралы шешімі жұмыс істемейді немесе фискалдық органдар бұл шешімді бұрмалап отыр. Мемлекеттік  комиссия тапсырмаларының жергілікті жерлерге тікелей әрекет ету туралы шешімі қажет. Сонымен бірге, өндірістік табыс салығын өндіру әдістемесінде (бұрынғы жылдар көрсеткіштері бойынша) бұрынғы өндіру әдісін қайта қарау керек, өйткені бизнестің ағымдағы жылдағы табысы едәуір төмен.  

Сондай-ақ, қайырымдылық көмектерін де салықтан босату қажет.  Жұмысы тоқтатылған бизнес әкімдік әлі күнге дейін көмек көрсетпеген мұқтаж қызметкерлердің отбасына материалдық көмек бергені жайлы мысалдар бар. Ал, салық органдары сол сәтте сондай отбасыларға әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері, МӘМС және тағы да басқа төлемдер жайлы ескерту жіберіп, материалдық көмектің жартысына тең сомманы бюджетке өткізуді талап етуде. Бизнес үйге жіберілген қызметкерлеріне көмек көрсетуден бас тартар болса, оның несі жақсы?

Несиелер тақырыбы – өте ауыр мәселенің бірі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің несиелерді шегеру туралы мәлімдемесіне қарамастан, банктерде  санкциясыз мұндай несиелік шегерулерді алу мүмкін емес екендігі туралы хабарлар  еліміздің барлық өңірлерінен келуде. Банктер алдағы үш ай ішінде несие төлемдерінің ережесін бұзған жағдайда жосықсыз қарыз алушылардың тізіміне енгізумен қорқытуда және шегеру кезеңі біткеннен кейінгі төлем ережесі келесі үш айда төлемдердің екі есе ұлғаюын білдіреді.

Ақиқатына келсек,  қарыз алушылардың табыстары осы төтенше жағдай кезеңінде  «шегерілмеген», жай ғана кәсіпкерлердің табысы болған жоқ және олар ауадан пайда болмайды. Ал оларды ары қарай да қыспаққа ала беру бизнесті банкротқа ұшыратып,  отбасыларын кедейлікке итермелейді. Бұл – қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалының басты мәселесіне айналған қоғамның байлар мен кедейлерге жіктелуінің нәтижесі.

Осыған байланысты, біз Қаржы нарығын реттеу агенттігінен кейінге қалдыруды қолданғандарды жосықсыз қарыз алушылар тізіміне қосуға тыйым салуды; несие  мерзімдерінің шегерілуі кезінде төлемдердің бұрынғы сомаларын сақтауды, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар үшін төтенше жағдай кезінде «түсіп қалған төлемдер» күйін банктердің қатысуымен есептен шығару мәселесін қарастыруды талап етеміз.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы қаржы нарығының тұрақтылығы тек банктердің активтерімен ғана емес, сонымен бірге қоғамның төлем қабілеттілігін сақтаумен де анықталатынын еске салуды маңызды деп санайды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер ғимаратты жалға алу және коммуналдық қызметтерге тарифтерді субсидиялау мәселелерін де көтеруде, бұл жеке қарастыруды қажет етеді.

Бүгінгі таңда мемлекет пен халық бірге Мемлекеттік комиссияға нақты міндеттерді орындауда көмектесуі керек. Халқымыз бұл сынақтан абыроймен өтіп, Үкімет өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікті жеңетініне сенімдіміз.

Бірақ жағдай тұрақтанғаннан кейін нағыз батырларды – дәрігерлерді, медбикелерді, еріктілерді, полиция қызметкерлерін атап өту аздық етеді. Бізге анықталған қателіктерді жойып, соның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалау, байлар мен кедейлердің арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайту, әділ мемлекет пен адал экономиканы қамтамасыз ету қажет.

Құрметпен,

«Ақ жол» демократиялық партиясы  фракциясының депутаттары