«Ақ жол»: Құрылыс материалдарының бағасымен бірге тұрғын үй бағасын арзандату керек

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Құрылыс материалдарының бағасымен бірге тұрғын үй бағасын арзандату керек

22.04.2020, 16:36

 22 сәуір 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Үкімет құрылыс материалдарының бағасына шектеу енгізіп отыр. Онда неге құрылыстың өзі мен тұрғын үй арзандамайды? Бұл туралы бүгін «Ақ жол» фракциясының депутаты Кеңес Абсатиров өзінің депутаттық сауалында айтты.  Сауал мәтіні төменде келтірілген.

Құрылыс материалдарының бағасымен бірге құрылыс пен тұрғын үй бағасын арзандатуға қол жеткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Ақ жол» фракциясының депутаты Кеңес Абсатиров өзінің депутаттық сауалында айтты. Сауал мәтіні төменде келтірілген.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы ҚР Президенті мен Үкіметтің дағдарысты еңсеру жөнінде қабылдаған шараларды қолдап, олардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Осыған байланысты бізге құрылыс материалдары өндірісінің отандық кәсіпорындары Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның үстіміздегі жылдың 3 сәуіріндегі құрылыс материалдарының бағасын бақылауды қамтамасыз ету туралы тапсырмасына байланысты жүгінуде.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі осы тапсырмаға сілтей отырып, қазақстандық құрылыс материалдарының шектен тыс бағалары мен тізімін әзірлеуді бастамашылық етті.
Әрине, құрылыс материалдарына белгілі бағаларды белгілеу құрылыс компанияларының жұмысын жалғастыруға және дағдарыс кезінде олардың қиындықсыз өтуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бірыңғай шекті бағаларды енгізу әртүрлі аймақтарда, тіпті ұқсас өнім өндірушілердің әр түрлі шығындары мен әр түрлі кірістілігін ескермейді.
Бұл факторларға энергия тарифтерінің айырмашылығы, шикізатты тасымалдау шығындары, жергілікті жағдайлар, әкімшілік шығындар және т.б. әсер етеді. Сонымен бірге, кірпіш немесе цемент өндіру көп энергияны қажет етеді; металл жабдықтарының өндірісі, темірбетон бұйымдарын, ПВХ терезе жақтауларын және т.б. өндіру – көбінесе кейбір материалдардың импортымен байланысты.
Бұл жағдайда құрылыс материалдарына баға шектеулерін объективті түрде анықтау үшін электр қуатына тарифтерді, теміржол және автомобиль көлігімен тасымалдау (оның ішінде халықаралық) құнын, жанар-жағармай материалдарының құнын, импортталатын металлдың, поливинилдің құнын, жұмысшылардың жалақысы және басқа да барлық шығындарды ескеріп, осы мерзімде шығындардың тұрақтылығын қамтасыз ету керек.
Немесе салалық шығындарды субсидиялау немесе қосымша құн салығы мөлшерлемелерін төмендету арқылы өтеудің тетіктерін қамтамасыз ету керек.
Бағаны бақылау шаралары, оны қандай орган жүзеге асыратыны және оның өкілеттіктері қандай екендігі туралы нақтылық қажет. Мәселен, цемент тауар биржалары арқылы 5 жылдан бері сатылып келеді. Бағаны шектеудің енгізілуі цементтің биржалық саудасының жойылуын білдіре ме? Немесе цемент өндірушілерге биржалық сауда-саттықтың негізінде шектеулі бағаны бұзғаны үшін және баға шектеулерін қолдануға байланысты биржалық сауданың міндетті талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынады ма?
Қазіргі жағдайда мемлекет, керісінше, барлық жағынан қолдау көрсетуге тырысуда десек те, комиссияның нұсқауларын осы факторларды ескерусіз орындау өндіріс кәсіпорындарына зиян келтіретіні анық. Сонымен қатар, шығынды өндіруге қарағанда оны тоқтату оңайырақ. Әрине, осыдан кейін құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарысыз қалады.

Сондай-ақ, егер құрылыс материалдарына шекті бағаны енгізу қарастырылса, онда неге құрылысқа да шектеулі бағалар енгізілмейді деген тағы сұрақ туындайды.
Қоғам бүгінде салынып жатқан нысандардың құнының күрт көтерілуі, теңгенің кезекті девальвациясы туралы белсенді талқылауда.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы құрылыс материалдары өндірісін теріс пайдаланудың алдын алу үшін құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне шектелген бағалар енгізілсе дұрыс болады деп санайды. Өйткені, құрылыс материалдарының өндірушілерінің кірісі басқа біреулердің қалтасына түспей, жаңа жолдар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға жұмсалып, тұрғын үй құрылысы арзандатылып, қолжетімды болып, қоғам пайдасына жараса игі болары сөзсіз.

Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары