Балалар баба рухына тағзым жасады – “top-news.kz”

» Баспасөз жарияланымдар » Балалар баба рухына тағзым жасады - "top-news.kz"

18.09.2019, 14:52

18.09.2019

Мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсарин кесенесі басына барды

Қостанайда «Ақ жол» партиясының облыстық филалының бастамасымен танымы мол тағылымды шара ұйымдастырылды.

Тобыл өзенінің жағалауындағы ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсарин кесенесіне арнайы саяхат сабағы ұйымдастырылып, оған Қостанайдағы М. Хакімжанова атындағы №20 мектептің көп балалы отбасынан шыққан оқушылары мен білім ордасының озат шәкірттері барды.

Онда «Ақ жол» партиясының облыстық филиалының аппарат жетекшісі Мешіт Ғазизұлы ұстаздың өмір мен ұлт үшін атқарған қызметіне тоқталды.

– Ыбырай бабамыз «Кел, бабалар оқылық…» деп азат елдің ұландарын білімге, ғылымға құштар болуға үндеп кетті. Біз, осындай тағылымы мол шаралар ұйымдастыру арқылы баба өсиетін өшірмей, өркендете аламыз деп есептеймін. «Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық партиясы алдағы уақытта да шаралардан қалыспай, ұдайы игі бастамаларға жол ашып тұрады, – деді Мешіт Ғазизұлы.

Баба кесенесі басында оқушылар ағартушы ұстаздың өлеңдерін жатқа оқыды.

Ұлы бабамыздың кесенесі облыстағы киелі орындардың қатарына жатады. Балғындарға жастайынан тарихымыз ұмыт қалмай, ұлықталып отырса келешекте тағылымды ұтпақ өзері сөссіз.