«Кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек» – “abai.kz”

» Баспасөз жарияланымдар » «Кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек» - "abai.kz"

24.02.2020, 10:11

https://abai.kz/index.php/post/106288

Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды.

 Біз заңды түрде әкімдерге кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек деп санаймыз. Жетер енді. Өңірлердегі қаражаттың 80 пайызы футболшыларға жұмсалып жатыр. Қашанға дейін осылай болады?

Мен бір мысал келтірейін, таяуда бір спортшының клубы 5 миллион еуроға келісімшартқа отырды. Біз Қазақстанда спортты тамытуға 229 миллион теңге жұмсасақ, мұнда бір футболшының өзіне 2 миллиард теңгедей жұмсалып отыр, – деді депутат.

 Балалар-жасөспірім футболын қаржыландырайық. Стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық. Бірақ мынадай бір өзіне 5 миллион еуро жұмсалатын футболшыларды емес, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, кәсіпқой спортты бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар мен демеушілер қаржыландыруы қажет.