Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова ақмолалық партия белсенділерімен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Ақмола облысы » Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова ақмолалық партия белсенділерімен кездесті

06.01.2020, 10:49

5 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі  

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова өңірдегі алғашқы сапарын ақмолалық партия белсенділерімен кездесуден бастады.

Шара барысында Парламент депутаты «Ақ жол» партиясы фракциясының өткен 2019 жылы атқарған жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ, халық қалаулысы «Ақ жол» партиясы фракциясының 2020 жылы Парламентте жүргізетін жұмыстарын атап өтті. Әңгіме кезінде облыстағы партия өкілдері өңірдегі мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді. «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы хабарлағандай, депутат сапар барысында өңірдегі  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген мәселелер жөнінде тілге тиек етті. Әсіресе, Жолдауға сәйкес елдің шағын және орта бизнес саласындағы дамуына баса назар аударылатыны, коммуналдық салада баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге көңіл бөлінетіні жөнінде атап көрсетті.

Халық қалаулысы сапар барысында осы және басқа да кәсіпкерлерді толғандырған мәселелердің қаншалықты орындалып жатқанына назар аудармақ.