Жұмабаева Айгүл Қызыровна

» Партия » Басшылық » Орталық аппарат » Жұмабаева Айгүл Қызыровна

Жұмабаева
Айгүл Қызыровна

Фракция аппаратының жетекшісі, жұртшылықпен байланыс бөлімінің директоры

1968 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Білімі: 1990г. – Уральский государственный университет им. М. Горького, философский факультет (г.Свердловск, РФ) 1990 жылы РФ Свердловск қаласындағы М.Горьки атындағы Урал мемлекеттік университетінің философия факультетін тәмамдаған.

1990-1991 жылдар аралығында Қырғыз Республикасы ғылым академиясының философия және құқық институтының ғылыми қызметкері;

1992 жылы Қырғыз Республикасының Президент Әкімшілігінің қызметкері;

1993 – 2005 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005 – 2008 жылдары Көкшетау қаласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

2008 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық палатасының басқарма директоры, басқарма бастығының директоры, сарапшы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП қоғаммен байланыс жөніндегі директоры

2012 жылдан бастап ҚР Парламент Мәжілісі фракция аппаратының жетекшісі

2015 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы