Нұрқалиев Арман Сқабылұлы

» Партия » Басшылық » Орталық Кеңесінің хатшылары » Нұрқалиев Арман Сқабылұлы

Нұрқалиев
Арман Сқабылұлы

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің Хатшысы

Нұрқалиев Арман Сқабылұлы 1965 жылы 23 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1989-92 жылдар аралығында облыстық «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі

1992-94 жылдар аралығында халықаралық «АзиЯ» газетінің бөлім меңгерушісі

1995-96 жылдары «Пана» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап «Хабар» Агенттігінде» жаңалықтар қызметінің тілшісі, жаңалықтар қызметінің продюсері, «Жеті күн» бағдарламасының авторы және жүргізушісі қызметін атқарды.

2000-2002 жылдары «Хабар-2» арнасының Бас редакторы, одан кейін «Ел арна» каналының директоры қызметін атқарды. «Хабар» Агенттігінде» қызмет атқарған жылдары «Қазақтар», «Жеті күн» сияқты танымал бағдарламарды жасады. Қазақстан тарихы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын арқау еткен 20 бөлімді «Жаңа тарих. Жарқын тұлға» және тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған  еліміздің әр саладағы жеткен жетістіктерін арқау еткен «Табыстар мекені» атты деректі фильмнің сценарий авторы. Сонымен қатар «Париждегі ән» көркем фильмі мен «Әпке», «Біздің ағай», «Ақылдың кілті – Өмірдастан» телехикаясының сценарий авторы. (С.Закерұлымен бірігіп жазған). «Өкпелемеші» атты әңгімелер жинағының авторы. «Астана» және «ҚР Парлментінің 10 жылдығы» медальімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

2015 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің Хатшысы.