Абжанов Әлімхан Досыбайұлы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Абжанов Әлімхан Досыбайұлы

Абжанов
Әлімхан Досыбайұлы

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы

1964жылы 12-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы Ақтөбе совхозында дүниеге келген.
Отбасылы: үш ұл,бір қыз тәрбиелеп отыр.

БІЛІМІ:
1982-1986 ж.ж. – Қарағандыдағы милиция Жоғары мектебінде жоғары білім алды, «заңгер» мамандығы бойынша
2010-2012 ж.ж. – Қазақстандық Халықтар Достығы Университеті, «экономист» мамандығы бойынша

1986-1991жж. – Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық ІІБ-де жедел уәкіл және аға жедел уәкіл қызметтерін атқарды.

1991-1993 жж. – Шымкент облыстық ІІБ-де жедел уәкіл,аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1993 жылы – Түркістан ҚІІБ-не бастықтың бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1997 жылы – Кентау қалалық МТК-ның бөлім бастығы болып тағайындалды.

1998 жылы – Түркістан қалалық ІІБ-ның бастығы лауазымына тағайындалды.

2002 жылы –  Мақтарал аудандық ІІБ-ның бастығы қызметіне ауыстырылды.

2003-2005 – жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-ның бастығының орынбасары болып қызмет етті.

2005-2006 ж.ж – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің криминалды полиция департаментінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2006 жылы – Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бірінші орынбасар болып тағайындалды.

2006 – 2009 жж. – Қызылорда облысының ІІД-ның бастығының бірінші орынбасары болып істеді.

2009 жылдың шілде айында Қызылорда облысының ІІД-ның бастығы болып тағайындалды.

2012 жылы – қызметтен зейнеткерлікке шықты.

2012 жылдың қыркүйек айынан “Заңғар Ойл” ЖШС-ның директоры болып қызмет атқарады.

Марапаттары:
Мерейтойлық медальдері: «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 15 жыл».

Қоғамдық тәртіпті күзетудегі мінсіз қызметі үшін (1991 жыл); ішкі істер органдарындағы үлгілі қызметі үшін; мінсіз қызметі үшін (қызметтегі 10, 15, 20, 25 жылдары үшін – 4 медаль); «Ішкі істер органдарының ардагері» атты ведомстволық медальдермен марапатталған».

ҚР Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері