Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы

Бисембаев Бақытжан
Жармаханұлы 

«Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы филиалының төрағасы

1961 жылдың 10 ақпанына Оңтүстік Қазақстан облысы Tүpкістан ауданы Калинин селосында дүниеге келген.
Отбасылы, қыздары, 4 немересі бар.

Білімі:   Қарағанды политехникалық институты, мамандығы – инженер-құрылысшы, 1978-1983 жж.

Еңбек өтілімі:

1983 ж. – «Алма-Атасельстрой-6» трестіне қарасты ПМК-612 мекемесінде учаскелік шебер, Алматы облысы Іле ауданы

1985-1992 жж. – құрылысшы, Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау инспекторы, Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегі бөлімшесінің инспекторы Түркістан аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік аға инспекторы

1994-1997 жж. – Түркістан аудандық iшкi icтep бөлімінің штаб бастығы, бөлім бастығының орынбасары

1997-2006 жж. – Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының штаб бастығы, кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегi бөлім бастығы. Арнайы шені – полиция подполковнигі

2006-2007 жж. – «Қарызгерлермен жұмыс бюросы» жауапкершілігі шектеулі cepіктeстігінің инспекторы

2007-2009 жж – Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінде оқытушы

2000 жылы Түркістан қаласының «Жыл адамы» атағына ие болып, 2001 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігінің «Үздік қызметі үшін» төс белгісімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2016 жылы Түркістан қаласы әкімінің шешімімен «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, ҚР ІІМ «Құрметті ардагері» медалімен, бірнеше қоғамдық ұйымдардың естелік медальдарымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясымен, Облыс әкімінің, Түркістан облысы ПД-нің, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ Ардагерлері кеңесінің, Түркістан облысы және Түркістан қалалық соттарының, қала әкімі мен мәслихатының, қалалық полиция басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сонымен қатар, Бейсембаев Түркістан облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары; Түркістан қаласы әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі; кәсіби медиатор «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, ҚР «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалық филиалы Пленумының және Түркістан қалалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі қоғамдық кеңестің» мүшесі болып табылады.