Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

Смағұлов
Асқар Сайлаубекұлы 

«Ақ жол» ҚДП-ның Астана қалалық филиалының төрағасы

1970 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра совхозында дүниеге келген. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Білімі: 1993 ж. – Целиноград ауыл шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірген (үздік диплом), Ансбах ауыл шаруашылығы мектебінде 6 айлық тағылымдамадан өткен (Германия);
2005 ж. – Халықаралық бизнес академиясы (үздік бітірген), MBA. 2005 жылдың үздік тыңдаушысы болып танылған. 

Еңбек жолын 1992 жылы институтта білім ала жүріп бастаған. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі облыстық комитетіне жетекші маман ретінде жұмысқа орналасқан.

1993 ж. – Жастар істері жөніндегі облыстық комитеттің Жастар кәсіпкерлігін қолдау қорының директоры болып тағайындалған;

1994 ж. – «Есіл» АҚ-ның бас экономисті қызметіне ауысқан;

1997 ж. – «Проминвест» АҚ вице-президенті болып тағайындалған;

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның қаржы директоры қызметінде. Директорлар кеңесінің мүшесі. 

2011 жылы «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.