Смағұл Бақыт Хаиржанұлы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Смағұл Бақыт Хаиржанұлы

Смағұл
Бақыт Хаиржанұлы

«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалының төрағасы

1965 жылы 21 ақпанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген
Отбасылы: ұл-қыз тәрбиелеп отыр

Жоғары білімі: 1987-1991жж. – Ш. Уәлиханов атындағы Педагогика институтын (Көкшетау қ.) «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған

1991-1997жж. – «Көкшетау» облыстық газетінде әдеби қызметкер

1997-1999жж.– «Көкшетау» қалалық газетінің әдеби қызметкері

1999-2002жж. – Ақмола облыстық  «Арқа ажары» газетінде әдеби қызметкер

2003-2004жж. – «Алаш үні» газеті редакторының орынбасары

2004-2005жж. – «Бұқпа» газеті редакторының орынбасары

2005-2016жж. – Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің ішкі саясат, заң және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі

2006-2009жж. – Ақмола облыстық прокуратурасының қолдауымен шыққан «Заң қорғаны» үнпарағының редакторы

2009-2016жж. – Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығының» редакторы

Сайлауға дейін «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті

2018 жылғы сәуірден бастап – Ақмола облыстық филиалының төрағасы

Марапаттары:
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР АКМ «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері

«Измерение совести» және «Арда ұлы Алаштың» атты бірқатар туындылардың авторы

«Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.