Юсупов Ермекқали Төлепқалиұы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Юсупов Ермекқали Төлепқалиұы

Юсупов
Ермекқали Төлепқалиұы

«Ақ жол» ҚДП-ның Атырау облыстық филиалының төрағасы

1965 жылы 2 қазанда Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Жұмыскер поселкесінде дүниеге келген.

Білімі:
1984 ж. – Гурьев политехникалық техникумын техник-механик мамандығы бойынша тәмамдаған;
1989 ж. – Волгоград политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған;
2001 ж. – Евразия нарығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облыстық автокөлік бірлестігінде жолаушылар тасымалын пайдалану бөлімінің инженері болып бастап, бөлім бастығына дейін көтерілген.

1991-1993 жылдары – Атырау қалалық әкімшілігінде өнеркәсіп, көлік, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;

1993-1999 жылдары – Атырау облыстық әкімдігінің экономика басқармасында өнеркәсіп және көлік бөлімінің бас маманы, экономика және сауда министрлігінің өкілі, сыртқы байланыс қызметі бөлімінің бастығы;

1999 жылдан бері – «Каспий» ЖШС-нің директоры;

2007 жылы – Атырау қалалық мәслихатының IV шақырылымына депутат болып сайланды.

2012 жылдың маусымынан бастап – «Ақ жол» ҚДП-ның Атырау облыстық филиалының төрағасы.

Отбасылы, 4 баласы бар.