Қошмамбетов Асан Әнуарұлы

» Партия » Басшылық » Партия филиалдарының басшылары » Қошмамбетов Асан Әнуарұлы

Қошмамбетов
Асан Әнуарұлы

«Ақ жол» ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы

1961 жылдың 27-ші наурызында Жамбыл қаласында дүниеге келді

Еңбек жолын 1982 жылы орта мектепте физика мұғалімі болып бастады, содан кейін Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы қызметін атқарды.

1992 жылдан бастап жеке кәсіпорындарды басқарды, ал 1995 жылдан бастап – Жамбыл қаласы әкімінің аппаратында еңбек етті. Кейінірек ол қалалық мәдениет және демалыс орталығының бас директорлығына ауыстырылды.

1998 жылы Тараз қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы жанындағы «Парк К и О» мемлекеттік емес мекеменің құрылтайшысы болды. Қазіргі таңда «Қошмамбетов және К» ЖШС-гі оңтүстік Қазақстанда үздік деп танылған кәсіпорындардың бірі.

1999 жылы Тараз қалалық мәслихатының екінші шақырылым депутаты, аталмыш мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, Тараз қалалық мәслихатының үшінші және төртінші шақырылым депутаты болып сайланды.

2003-2006 ж.ж. –  Азаматтық партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.

2013 жылдың қазанынан бастап – Жамбыл облыстық «Атамекен» Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының басшысы.

2017 жылдың қарашасынан бастап – «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі.

Үйленген, 3 қыз және 1 ұлды тәрбилеуде.