Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

» Фракция » Депутаттар » Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

Перуашев
Азат Тұрлыбекұлы 

Партия төрағасы

1967 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы.

Білімі: жоғары, ғылым кандидаты

1984 – 1991 жж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы); 

1995 – 1996 жж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы);

1998 – 2000 жж. – Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 

2011 ж. – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты. 

Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастады, әскер қатарында болды.

1991 ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 

1992 – 1995 жж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1996 – 1998 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1998 – 2005 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті.

2006 ж. – Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы.

2006 – 2011 жж. «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы.

2011 жылғы шілдеден – «Ақ жол» ҚДП төрағасы.

2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

Наградалары:

– ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.) 

– «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.).

– «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1991 ж.).

– Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).

Үйленген, төрт баласы бар.