Қарағандыда «Алаш қозғалысы: бүгінге және келешекке көзқарас» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтеді

» Аймақ - жаңалықтары » Қарағанды облысы » Қарағандыда «Алаш қозғалысы: бүгінге және келешекке көзқарас» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтеді

28.10.2019, 12:51

Баспасөз анонсы

БАҚ үшін

29 қазан күні «Ақ жол» партиясы Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінде «Алаш қозғалысы: бүгінге және келешекке көзқарас» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Шараға мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, білім беру, тарих, мәдениет саласы сарапшылары мен ғалымдары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Е.А Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті

Басталу уақыты: 15.00

Байланыс үшін: 8 (775) 920 25 03, Алмас