А.Перуашев қызылордалық еріктілермен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Қызылорда облысы » А.Перуашев қызылордалық еріктілермен кездесті

09.10.2020, 20:45

https://t.me/peruash/404

Пандемия кезінде азаматтық қоғамың рөлі қаншама маңызды екені баршамызға анық болды. Мемлекеттік жүйе қамти алмаған дәр-дәрмек, тыныс аппараттары тапшылығын мыңдаған еріктілер құштарлықпен өзара ұйымдастырып, жапқан болатын.
Жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қол ұшін берген азаматтар өз азаматтық борыштарын абыроймен атқарды.
Осындай бір топ қызылордалықтармен кездесіп, азаматтық қоғамды, азаматтық бастамаларды одан ары қарай дамыту жөнінде пікір алмастық.

Аталған бір топ жастарға қайырымдылық шараларында тірекші болып, ондаған миллион теңгеге демеушілік жасаған- “Ақ жол” демпартия филиалының төрағасы Жорабек Прманов. Кездесу барысында, кейбір еріктілерді партиямызға қабылдап, мүшелік билеттер тапсырдық