24
Желтоқсан

Ақ жаулықты ана «Ақ жолдың» басшысына алғыс айтты

Жуырда «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің атына Қызылорда қаласының тұрғыны, зейнеткер Аупбаева Балгүл Керейтбайқызынан ерекше хат келген болатын. Абзал ана өзінің жүрекжарды хатында партия төрағасына деген ықыласын білдіріп, осыдан 20 жыл бұрын Азат Перуашевтан алған хат оның өмірін жақсы жаққа бұрғанын жеткізіпті.

         Хат иесінің 1998 жылдың желтоқсанында ұлы өмірден озып, ана жүрегі қайғы қамауында қалады. Қазадан кейін бірнеше ай өтсе де оңала алмай жүрген анаға сол жылы 8 наурызда Азат Перуашевтің құттықтау хаты жетеді. Дәл осы хат ардақты жанға күш-қуат беріп, өмірге деген құштарлығын қайта оятыпты. Күні бүгінге дейін халық қалаулысының тілеуін тілеп, жақсы істеріне масаттанып жүрген Балгүл Керейтбайқызының арада қанша жыл өтсе де Азат Тұрлыбекұлына деген ыстық ықыласы сарқылмаған.

Жаңа жыл қарсаңында жылы лебізге толы хатқа партия төрағасы жауап жазып, Балгүл Керейтбайқызын мерекемен құттықтады.

Фракция төрағасының құттықтауы мен сый-сияпатын партияның Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері жеткізіп, Балгүл Керейтбайқызымен естелік суретке түсті.