«Ақ жол» депутаттары электр энергетика нарығындағы монополистердің заңсыздығынан тұтынушыларды қорғауды талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» депутаттары электр энергетика нарығындағы монополистердің заңсыздығынан тұтынушыларды қорғауды талап етеді

16.09.2020, 16:13

16 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

“Ақ жол” депутаттары электр энергетика нарығындағы монополистердің заңсыздығынан тұтынушыларды қорғауды талап етеді. Фракцияның осындай депутаттық сауалын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Меруерт Қазбекова жариялады (сауал мәтіні төменде келтірілген).

ҚР Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Президент биылғы «Қазақстан жаңа нақты кезеңде: Іс-қимыл уақыты»  Жолдауында бәсекелестік саясатқа маңызы бар жаңа жағдайлардағы экономикалық даму бағыттарын  атап өтті.

«Бәсекелестік өрісін жан-жақты түрлендіріп, нарықты монополияландыруды  тоқтату қажет. Жасыратыны жоқ, көптеген нарықтық тауар өндірушілер нарықтық емес әдістермен тығыз «қатырып тасталған»  …  Бәсекелестікке қарсы көріністер барлық көмір, электр энергиясы, байланыс, мұнай өнімдері нарығы, тұрғын-үй комуналдық шаруашылық қызметтері сынды тағы басқа салаларда сақталады. Коммерциялық табыстың басты құрамдас бөлігі көбінесе әкімшілік ресурстар арқылы жасалады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Біздің депутаттық сауалымызға «Ақ жол» партиясы бірнеше рет атап өткен электр энергетика нарығындағы жүйелі проблемалар себеп болып отыр. Бұл проблемалар электр энергиясын өндірушілерде де, энергия таратушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда да жеткілікті.

          Электр энергиясын өндірушілерге станциялар үшін электр энергиясының бағасын мемлекеттік реттеу белгіленген. 1 квт/сағ шектеулі баға станциялар тобына қарай 2 теңгеден – 14 теңгеге дейін өзгереді.

  «Самұрықэнерго» Акционерлік қоғамы ірі электр энергия өндіруші болып табылады, оның құрамында ГРЭС-1 және ГРЭС-2 электр станциялары бар.

«Самұрықэнерго» Акционерлік қоғамы электр энергиясы мен бәсекелестік туралы заңдарды бұзып, кәсіпкерлерді ГРЭС-1-дің құны 5,76 теңге/кВт сағат арзан электр энергиясымен бірге, ГРЭС- 2-нің құны 7,31 теңге/кВт сағат қымбат электр энергиясын сатып алуға мәжбүрлейді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік компания электр энергияны өзі тікелей емес, жеке делдалдар – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатады.

Мысалы, жария етілген ақпараттан белгілі болғандай, «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы электр қуатын жылсайын тікелей ГРЭС-1 және ГРЭС-2 -ден емес, жеке электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдардан сатып алады.

Ал, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережесі бойынша «Қазақстан темір жолына» электр қуатын Қор тобына кіретін осы станциялардан тікелей конкурссыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Ең қарапайым есептеулер бойынша, осындай бизнес нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» жыл сайын жеке делдалдарға 1,5 млрд. жуық теңге төлейді. Бұл шығындар, сайып келгенде, кәсіпкерлер үшін магистральдық жол қызметтері тарифіне енгізіледі.

Ашық электрондық сауда – саттықтар үшін құрылған “КОРЭМ” АҚ бүгінде іс жүзінде тоқтап тұр, өйткені  10% – дан аз электр қуаты ашық электрондық сауда-саттық арқылы, ал 90% – дан астам электр қуаты тікелей шарттар бойынша сатылады. Нәтижесінде, қазақстандық кәсіпорындардың электр қуатын тікелей сатып алуға мүмкіндігі жоқ және делдалдар қызметін  пайдалануға  мәжбүр.

Электр энергиясы тарифтерін төмендету мақсатында Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдарды ірілендіру туралы шешім қабылдаған болатын. «Ақ жол» депуаттарының фракциясы 2018 жылғы 27 қыркүйектегі депутаттық сауалына жауап ретінде Энергетика министрлігі осындай ірілендіру нәтижесінде 2022 жылға қарай энергия беруші ұйымдардың  саны 152-ден 110-ға дейін қысқаратынын хабарлады.

Алайда, бүгінгі таңда табиғи монополиялар субъектілерінің  мемлекеттік тіркеуінде 171 энергия беруші  ұйым  тұр, осының салдарынан тұтынушылар үшін электр қуаты үшін тарифтердің  төмендеуі болмай тұр.

Бәсекелестікті дамытудың жоқтығынан электр қуатын бөлшек сауда арқылы өткізу кезеңінде проблемалар бар. Бұл бірінші кезекте бәсекелестік нарықта мемлекеттің қатысуымен энергия жабдықтаушы ұйымдардың болуымен байланысты. Бұл туралы біздің фракция  бірнеше рет депутаттық сауал жасады.

             «Ақ жол»  фракциясы  бірнеше рет жолдаған сауалдан  кейін делдалдардың бірі – «Астанаэнергосервис» АҚ жойылды. Алайда оның қызметі осыған ұқсас «Астана қалалық Жарық»  ЖШС-не берілді. Нәтижесінде, елордалық тұтынушыларға тарифтер бағасы төмендемеді.

Осындай электр энергиямен жабдықтаушы мемлекеттік ұйымдардың қызметі жосықсыз бәсекелестікке және соның салдарынан осы саладағы жеке кәсіпорындарды  қысуға әкеледі.

  Осыған байланысты “Ақ жол” фракциясы:

– ашықтық және бәсекелестік тетіктерін енгізе отырып, энергетикалық нарық моделін  түбегейлі қайта қарауды;

– ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға электр қуатын делдалдар арқылы көтерме сатуға тыйым салуды;

 – «КОРЭМ» Акционерлік қоғамы арқылы шектеулі көлемді белгілей отырып, ашық электрондық сауда-саттықта электр энергиясын жүзеге асыру көлемін арттыруды;

– тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифтерін төмендету мақсатында энергия беруші ұйымдарды ірілендірудің нақты шараларын әзірлеуді;

– коммуналдық кәсіпорындарды басқару бойынша барлық мемлекеттік делдал ұйымдарды таратуды ұсынады.

                 Құрметпен,

               «Ақ жол» фракциясының депутаттары