“Ақ жол” депутаттары Коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында Үкіметтен шағын және орта бизнесті түпкілікті күйреу мен банкроттықтан қорғауды және азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуді қамтамасыз етуді сұрайды

» Депутаттық сауалдар » "Ақ жол" депутаттары Коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында Үкіметтен шағын және орта бизнесті түпкілікті күйреу мен банкроттықтан қорғауды және азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуді қамтамасыз етуді сұрайды

30.09.2020, 16:30

30 Қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

“Ақ жол” депутаттары Коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында Үкіметтен шағын және орта бизнесті түпкілікті күйреу мен банкроттықтан қорғауды және азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуді қамтамасыз етуді сұрайды. Тиісті депутаттық сауалды бүгін Мәжіліс отырысында фракция депутаты Кеңес Абсатиров жолдады.

ҚР Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

         Соңғы апталарда бұрын-соңды әлемдік масштабта болмаған COVID-19 ауруының жаңа толқыны байқалады.

         Еуропада ауырғандар саны 5 миллионнан асып, оның 230 мыңнан астамы қайтыс болған. Ал, Азия елдерінде вирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан астам және130 мың адам қайтыс болған.

         Еуропаның бірқатар елдерінде коронавирус жұқтырғандардың саны күніне он мыңға  дейін жетеді, көрші Ресейде тек 28 қыркүйекте 8 мыңнан астам адам жұқтырған.

         Сонымен қатар, Қазақстан адам сенгісіз күш-жігер мен ішкі ахуалды біртіндеп жақсартуға қол жеткізуінің арқасында көптеген елдермен жолаушылардың көліктік қатынасы мен сапарларын кезең-кезеңімен қалпына келтіруде.

         Алайда, сыртқы тенденциялардың әсерінен қоғам инфекцияның жаңа толқыны мен жазғы қорқыныштың қайталану қаупіне алаңдаулы.  

         Сонымен қатар, көптеген шағын және орта бизнес субъектілері жұмысын қалпына келтірмегеніне қарамастан, кәсіпкерлер бизнесті қайта жабу қаупінен қорқуда.

         Қоғамның бұл бөлігі үшін келесі толқын  өте ауыр болып, ақырында олардың жұмысын түпкілікті жоюы мүмкін.

         Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы Үкіметтен пандемияның жаңа толқынының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ, аса қажетті дәрі-дәрмектермен, ауруханаларды, соның ішінде аймақтарды да төсек орындарымен және реанимациялық жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабарлауды сұрайды.

         Сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясы Үкіметке

– азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуін;

– шағын және орта бизнесті түпкілікті күйреуден және банкроттықтан қорғауды қамтамасыз ету шараларды қарастыруға назар аударуын сұрайды.

Құрметпен,

“Ақ жол” ҚДП фракциясының депутаттары