«Ақ жол» депутаттары несиелік рақымшылықты несие пайыздарын төмендетумен және жеке тұлғалардың банкроттығын енгізумен толықтыруды талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» депутаттары несиелік рақымшылықты несие пайыздарын төмендетумен және жеке тұлғалардың банкроттығын енгізумен толықтыруды талап етеді

30.09.2020, 16:12

30 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» депутаттары несиелік рақымшылықты несиелер бойынша пайыздарды төмендетумен және жеке тұлғалардың банкроттығын енгізумен толықтыруды талап етеді. Оларсыз  рақымшылық туралы мәселе қоғам ішінде  үнемі  көтерілетінін және тіпті адал қарыз алушылардың несиелерін төлемеуге итермелейді. Бұл туралы Азат Перуашев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді ( мәтіні төменде келтіріледі).

ҚР Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ҚР Ұлттық банкі төрағасына

ҚНРДА төрайымына

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Соңғы айларда қоғам тарапынан да және Мәжілістегі біздің әріптестеріміз де  несиелік рақымшылық жасау туралы мәселе көтеруде.

7 ай бойы пандемияның салдарынан халық жаппай кедейшілікке ұшырап, шағын және орта бизнестің күйрегенін ескеретін болсақ, бұл назар аударуға тұрарлық мәселе.

 Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша ағымдағы жылы кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың саны бір жарым есеге, яғни 800 мың адамға артып, 2 миллион 300 мың адамнан асты. Бұл – еліміздегі әрбір сегізінші азамат кедейлік шегінде  өмір сүруде деген сөз. 

Бұл мұнай өндіретін мемлекет үшін үрейлі және қауіпті көрсеткіштер.

Сондықтан кедейшілікке ұшыраған адамдардың несиелік рақымшылық туралы талаптары негізді және түсінікті.

Дегенмен бұл талаптар азаматтардың жоқшылыққа ұшырауын және олардың шексіз берешекке батуының нақты себептерін шешпейді. Ол себептерді жоймайынша, рақымшылық туралы мәселе жыл сайын қайталана беретін блады.

Өткен жылы 106 млрд теңгеге жуық сомаға аз қамтылған азаматтардың банктік берешектері есептен шығарылған болатын. Бүгінде бұл мәселе тек шиеленісе түсті, өйткені, оның себептері  жойылған жоқ.

Оның екі себебі бар: біріншісі банктердің  өте жоғары пайыздары, оларды Ұлттық Банк пен Қаржы нарығының агенттігі  базалық мөлшерлемелерді төмендетпей және мемлекеттен 20% – дан несеие  беруді қолдауды ашық талап етуі.

Екінші себеп – Қаржы министрлігінің төлемге қабілетсіз отбасылардың баспаналары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтап, несие берушілерден қорғауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдауға  құлшынысының  болмауы.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» фракциясының депутаттары 2013 жылдан бастап Үкімет алдында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдау керектігі туралы мәселені көтеріп келеді. Жыл сайын әртүрлі жағдайларға сілтеме жасалып, тоқтатылуда.

Мысалы, 2013 жылы Қаржы министрлігі «Мұндай тетіктерді елде 2016-2017 жылдарға жоспарланып отырған кірістерді жалпыға бірдей декларациялауды енгізу кезінде ғана мүмкін болады» – деді.

Ал 2014 жылы Үкімет «ағымдағы жылы жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу мәселелері бойынша заң жобасының Тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда»  – деп жауап берді.

Енді бір-екі айдан соң 2021 жыл басталады, ал жалпыға бірдей декларациялау әлі де әзірленуде, бірақ бізге уәде етілген тұжырымдаманы да, заңның өзін де көрген жоқпыз.

Ал адамдар болса  банкротқа ұшырап, банктерден қорғауды сұрауға мәжбүр.

2015 жылы нәтижесіз хат жазысудан соң «Ақ жол» ҚДП фракциясы  өзінің «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірледі. Бірақ Үкімет оны Қаржы министрлігі басқа «Жеке тұлғаларға қатысты ұқсас шараларды көздейтін заң әзірленуде» деген  сылтаумен қабылдамады.

Ал 2019 жылы біздің осы мәселені шешуге бағытталған тағы бір әрекетімізге Үкімет «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасы әзірленді»  – деп жауап берді.

 Бірақ ондай заң  Парламентке келіп түспеді.

 Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:

1) Барлық ипотекалық, тұтынушылық несиелердің және шағын және орта бизнес үшін несиелердің шекті пайыздық мөлшерлемелерін азаматтарды кедейлік пен күйреуге ұшыратпайтын ақылға қонымды (7-8%) деңгейге дейін төмендету шараларын шұғыл қабылдауды талап етеді. Оның ішінде Президент Қ.Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтқан Ұлттық банктің ноталары бойынша табыстылықты шектеу арқылы жүргізілуі керек.

2) Шұғыл түрде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлеуді  және енгізуді сұрайды.

Олай болмаған жағдайда, несиелік рақымшылық туралы талаптар тұрақты болады,  бұл қаржы жүйесін бұзады және осы уақытқа дейін банктер алдындағы міндеттемелерін орындауға тырысқан азаматтардың да несиелерін төлемеуге итермелейді.

              Құрметпен,

             «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары