«Ақ жол»: Мемлекеттік органдардың несие айыппұлдары мен өсімақыларды кейінге қалдыру туралы мәлімдемелеріне қарамастан банктер кәсіпкерлердің берешек жүктемелерін күшейтуде

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Мемлекеттік органдардың несие айыппұлдары мен өсімақыларды кейінге қалдыру туралы мәлімдемелеріне қарамастан банктер кәсіпкерлердің берешек жүктемелерін күшейтуде

06.08.2020, 17:15

6 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық париясының баспасөз қызметі

Мемлекеттік органдардың несие айыппұлдары мен өсімақыларды  кейінге қалдыру туралы мәлімдемелеріне қарамастан банктер кәсіпкерлердің берешек  жүктемелерін күшейтуде. Кеше «Ақ жол» партиясы өткізген  республикалық бейнеконференция барысында кәсіпкерлер осылай  мәлімдеді.

Мемлекеттік органдармен өткен екі сағаттық пікірталасқа облыстардан жиырмадан астам шағын және орта бизнес өкілі қатысты, жүзден астам хабарлама поштаға келіп түсті, конфренеция қорытындысы бойынша «Ақ жол» ҚДП Үкіметке Үндеу әзірлеуде. 

Конференцияға қатысушылар карантиннің ұзартылуына және кірістің жоқтығына қарамастан банктер олардың алған несие сомасы төлемдерін  кейінге қалдырудан бас тартып, айыппұлдар мен өсімақыларды есептеуді жалғастыруда екенін айтты.

Әсіресе, несиенің қалған төлемдері бойынша мерзімі кейінге қалдырылған (тиісінше 6 айда жиналған қарыз) төлемдерін бөлу жөнінде шағымдар өте  көп. Несие төлемдері кейінге қалдырылғанымен бизнес  ай сайын бұрынғы сомадан едәуір көп мөлшерде қайтаратын болады, бұл кәсіпорынның тоқтауына алып келеді. Карантиннен кейін экономика мен шағын және орта бизнестің табысы бірден дағдарыстан дейінгі кезеңге  жетпейтіні анық, сондықтан кәсіпкерлерді кейінге қалдырылған төлемдердің  артатыны мазалауда.

Аталған мәселеге қатысты Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік фракциясы осы жылдың сәуір айынан бастап Үкімет пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне бірнеше рет сауалдар жолдағанын,  мемлекеттік органдардың осы мәселелермен 1 қазаннан кейін міндетті түрде  бетпе-бет келетінін айтқанын еске салды.

Аталған тақырып осы жылдың 11 мамырында ТЖ жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында бизнес үшін Төтенше жағдай форс-мажорлық жағдай деп тану туралы Президент тапсырмасынан кейін ерекше маңыз алды. Сол кезде «Ақ жол» депутаттары Президент тапсырмасын іске асыру жөнінде нақты іс-шараларды ұсынд. Нақтырақ  айтқанда несие мерізімі кейінгі қалдырылған кезеңге сәйкес автоматты түрде (қарыз алушының таңдауы бойынша) несие мерзімін ұзартуды ұсынған болатын. Мұндай қадам төлем сомаларын бұрынғы мөлшерде сақтауға (оларды қалпына келтіргенге дейін) мүмкіндік беретін еді. Бірақ Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктермен мұндай шешімдерді қараудан бас тартты. Нәтижесінде кәсіпкерлерді несиеден жеңілдету орнына кәсіпкерлер мен азаматтар берешек төлемдерге белшесінен батты.

Бейнеконфренция жұмысына қатысқан ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несиелерді кейінге шегеру, несиелерді құрылымдық реттеу мен қайта ұзарту мәселелерін банктерге өздері шешуге рұқсат етілгенін айтты. Сонымен қатар, әртүрлі жобалық бағдарламалар бойынша несие мөлшерлемелеріне жеңілдіктер ескерілгенін айтты.

Бірақ «Ақ жол» партиясының жетекшісі: «Сіздің рұқсаттарыңыз банктерге керегі жоқ. Азаматтық Кодекс бойынша аталған құқықтар оларда  онсыз да бар. Егер кәсіпкер ауыр жағдайға тап болса ол оның несиесі бойынша жүктемені жеңілдету үшін банкпен қарауға құқы бар.

Біз мүлдем басқа туралы айтып отырмыз. Президент пандемия жағдайын форс-мажор деп атап, бизнесті қолдауды сұрады. Мемлекет басшысы Төтенше жағдай шеңберінде стандартты емес қадамға барды, ол  заңнамада ескерілмеген. Мысалы, өз шешімімен әлеуметтік тауарлар үшін ҚҚС мөлшерлемесін (12% орнына 8 түсірді) енгізді, ал Үкімет жылдар бойы осындай шешімді ұсынған біздің фракцияға бас тартқан болатын.

Осындай жолмен агенттік те қазіргі қолданыстағы заңнама шеңберінен шығуды ұсынуы керек еді. Мәселені өз бетімен жібермей, банктердің өздерінің қарауына бермей, оларға кәсіпкерлердің талаптарын  қанағатандыруды міндеттеуі керек еді. Қазіргі жаңа, жеңілдетілген мөлшерлемен берілетін несиелердің қайта қаржыландырылуы бойынша жағдайда осындай, барлық банктер бұған бармайды. 

Агенттік бизнесті қолдау жөнінде нарықты реттеу бойынша жұмыс істемейді деп санаймын. Қазіргі жағдайды жай көрсету үшін агенттіктің керегі жоқ. Ол мәселелерді шешуі және олардың алдын алу керек еді. Банктердің өзі де қиын жағдайда. Олай болса нақты және екіжаққа тиімді тетіктерді, оның ішінде, мемлекеттің қатысуымен бірлесе отырып іздейік» – деді Азат Перуашев.

«Енді жеңілдетілген несиелерге қатысты уәкілетті орган қазір бізге «Даму», «Өнеркәсіптік қор» бағдарламалары бойынша мөлшерлемелер төмендетілетін болатыны туралы айтты. Бұл өте жақсы, біз мұндай қадамдарды қолдаймыз.

Бірақ, қанша кәсіпкер мұндай жеңілдіктерді пайдаланады? Жауабын  мен айтайын, «Жол картасы» бойынша 1 пайыздан төмен. Иә, олар өндірушілер, маңызды кәсіпорындар. Оларды қолдағандарыңыз өте жақсы,  ал қалағандары ше? Кәсіпорындарын жапсын ба? Қазіргі міндет 1% емес,  барлығын қолдау керек.

Өйткені ол жаңа жұмыс орындары, салық түсімдері, әлеуметтік жәрдемақы төлемдері үшін бюджеттің үнемделуі. Сондықтан да қалған 99% қамтитын жүйелі шешімдер керек. Егер бір отбасы жұмысын жоғалтып, аш қалса ол да біздің шала жұмыс істегеніміз» – деді депутат.