«Ақ жол» партиясы денсаулық сақтау министрлігін елімізде коронавирус індетінің ушығып кеткені үшін сынға алды

» Депутаттық сауалдар »  «Ақ жол» партиясы денсаулық сақтау министрлігін елімізде коронавирус індетінің ушығып кеткені үшін сынға алды

17.06.2020, 13:49

ҚР Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге


Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!


 «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің бірінші кезеңде пандемияға қарсы қолға алған іс-шараларын жоғары бағалайды. Қабылданған шаралар  арқасында басқа елдермен салыстырғанда  пандемия едәуір  бәсеңдеді.

Сонымен бірге,  кейбір өңірлерде шектеулерді алып тастағаннан кейін  вирус жұқтырғандардың және қайтыс болғандар саны күрт өсті.  

Депутаттарға жергілікті жерлерден  сырқаттардың госпиталдаудан бас тарту, лық толы емханалық орталықтарда емдеу процедураларын орындамау, медициналық қызметкерлердің өздеріне керекті қорғану құралдарының тапшылығы туралы шағымдар айтылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің «ел бойынша орташа есептегенде» клиникаларда орындар және қорғану киім жабдықтар жеткілікті деп сендіргендері шындыққа жанаспайды. Өйткені,  шенеуніктер статистикаға сілтеме жасайды, ал адамдар болса нақты жағдайлармен кездесуде.

Олар біздің азаматтарымыз, мемлекет оларды қорғауға міндетті!

Әсіресе, бағасы қымбат, 15 мың теңге екеніне қарамастан коронавирусқа тексерілетін тестілердің жетіспеушілігіне шағымдар түсуде. Десе де, адамдар соңғы үш ай бойы табыссыз өмір сүргені белгілі.

 Тіпті Нұр – Сұлтан қаласының өзінде тест тапсыруға кезек алу үшін кем дегенде екі күн бұрын тұру қажет. Тест қортындыларыда дер кезінде берілмейді. Осындай кезектер туралы шағымдар Алматы, Шымкент, Павлодар, ШҚО, Түркістан және басқа да облыстардан да келіп түсуде. 

Сөз жоқ, індеттің осынша өршуіне адамдардың қауіпсіздік талаптарын жіті ескермейтіні де әсер етті.  Сондықтан біз аса қауіпті өңірлерде карантинді күшейтуді қолдаймыз .

Сонымен бірге, осы жағдайлар   Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің коронавирусқа қарсы  шараларды ұйымдастыруындағы бюджеттен бөлінген қыруар қаражатқа (125 млрд теңге) және алғашқы айларда жинақтаған тәжірибелеріне қарамастан  жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. 

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы:

1) Барлық коронавирустың симптомдық жұқтырғандарды  госпиталдау үшін шұғыл шараларды  қолға алуды, қажет болса, шалғай елді мекендердің тұрғындарын тестілеу және бос ауруханаларға ауруларды көшіру үшін санитарлық  поезды ұйымдаструды;

2) Тұрғындарды тестілеу үшін жеткілікті деңгейдегі көлемде тестілермен, оның ішінде тұрғындардың аз қамтылған топтарын тегін тестілеумен  қамтамасыз етілуін;

3) Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шараларды енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды сұрайды.


Құрметпен, 

 «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары