“Ақ жол” партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды қолдау акциясын ұйымдастырды
09.04.2020, 17:13
Елде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап “АҚ ЖОЛ” ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Садыков Асқар Аманбайұлының бастамасымен қайырымдылық науқандары өткізілуде.

Акция барысында:
- Дүкендерде қажетті азық-түлік өнімдері бар тегін сөмкелер даярланды
- Аз қамтылған отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді;
- Кезекшілікке шыққан дәрігерлерді, блок-бекеттерде тұрған полиция қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз етті;
- Тамақ өнімдерін “үйге дейін жеткізу” шараларына қосылды;

Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Барлық ақпарат @askar_sadykov, @aqtobe_aqzhol парақшаларында көрсетілген. Көмек қолын созамын деушілер +7 777 777 3344 +7 771 160 3907 номерлеріне хабарласуына болады.