«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалында азаматтарды қабылдау өтті

» Аймақ - жаңалықтары » Алматы қаласы » «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалында азаматтарды қабылдау өтті

17.08.2020, 11:23

17 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалында филиал төрағасы Қуандық Бисқұлтановтың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.

«Ақ жол» қоғамдық қабылдау бөлмесіне алматылықтардан келіп түскен сұрақтардың ішінде карантин, бизнес мәселелері, мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жүйелік мәселелері, алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындау сынды күрделенген мәселелер сөз болды.

Қабылдау қорытындысы бойынша партия жетекшісі Азат Перуашев пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен жекеменшік мектептердің мәселелерін онлайн-талқылауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Еске салайық, азаматтарды қабылдау «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау орнында үнемі өткізіліп тұрады. Азаматтар партия лидері А.Перуашевпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен, Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен, партияның қалалық филиалының басшылығымен және Қоғамдық қабылдаудың мамандарымен байланыса алады. Кездесуге алдын ала келесі телефондар арқылы жазыла аласыздар: +7 727 313 80 00, +7 701 799 4790 немесе almaty@akzhol.kz электронды поштасы.