09
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

7 желтоқсан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы

2017 жылғы 7 желтоқсанда «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, партиялық комиссияның төрағасы Андрей Линник, партияның қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері, филиалдың белсенділері мен қызметкерлері, кәсіпкерлер, шақырылған қонақтар қатысты.

Конференцияның шешімімен қалалық кеңестің құрамы жаңартылып, жаңа филиал төрағасы сайланды.

Конференцияға қатысушылардың бірауызды шешімімен Қуандық Бисқұлтанов филиалдың жаңа басшысы болып сайланды. Оның кандидатурасы «Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесінің бекітуіне ұсынылды.

Конференция барысында филиалдың ағымдағы міндеттері, алдағы жұмыс жоспары талқыланып, партия билеттері салтанатты түрде «Ақ жол» партиясының жаңа мүшелеріне тапсырылды.