«Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековтің бюстін қойып, аллея ашуды ұсынды

» Аймақ - жаңалықтары » Қарағанды облысы » «Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековтің бюстін қойып, аллея ашуды ұсынды

11.09.2020, 16:49

11 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалы

Биыл Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуын армандаған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков және басқа да Алаш арыстарының бүгінгі егемен еліміздің қағидаттарын қалыптастыруда еңбектері зор.

Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу» деген болатын. Осы орайда, мемлекет қайраткері, қазақ жастарына математика оқулығын жазған, қазақтан шыққан тұңғыш математик-профессор Әлімхан Ермековтің жеріміздің шекарасын белгілеу, ғылым-білімді дамытуға сіңірген еңбегі оразан зор.

Сондықтан да «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қарағанды облыстық филиалы облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке қаладағы Әлімхан Ермеков көшесі бойында мемлекет қайраткерінің бюстін қойып, аллея ашуға ұсыныс жасап, хат жолдады.