07
Шілде

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Астана күніне орай онлайн-конференция ұйымдастырды

 7 шілде 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиал  елорданың туған күніне орай Zoom платформасында конференция ұйымдастырды. БҚОФ «Ақ Жол»   ҚДП төрағасының орынбасары Рада Хайрушева, аппарат жетекшісі Амангелді Шара, партияның жастар қанаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері, партия мүшелерімен  қоса журналисттер және астанамен бір жылда дуниеге келген жастар  (1998 ж.) қатысқан болатын. Конференция бас қаламыздың жетістіктерін саралау ушін ұйымдастырылды.

Төраға орынбасары Рада Хайрушева әңгіме барысында елорданың жетістіктері туралы тереңірек баяндаған еді, өз кезегінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ МТЖ факультетінің студенті Какибаева Дилназ біздің бас қаламыз туралы тамаша өлең оқып берді.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Конференцияға белсене қатысқандардың бірі аппарат жетекшісі Амангелді Шара мен қоса М.Өтемісов атындағы БҚМУ Филология факультетінің студенті  Қадырова Айшолпан.

Елордамен бір жылда дуниеге келген жастардың бірі БҚАТУ студенті Сисенова Динара өзінің жылы лебізін білдіре отырып, астананың күн санап  қарқынды дамып, өркендеп келе жатқандығына ерекше қуанатындығын жеткізді.

Оған қоса, журналист Айдос Әжкенов "Нұр-сұлтан" қаласындағы жұмыс тәжірибесі мен қала күнін тойлау  кезеңіндегі түсірілімдер туралы айтып берген болатын.

Кездесу өте белсенді, мазмұнды және өнімді болғаны сонша, қатысушылар конференцияны аяқтағысы келмеді және осындай жиналыстардың жиі ұйымдастырылуын сұрады.