«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі 20 қарашада өтеді – “inform.kz”

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі 20 қарашада өтеді - "inform.kz"

03.11.2020, 09:59

https://www.inform.kz/kz/ak-zhol-partiyasynyn-saylaualdy-s-ezi-20-karashada-otedi_a3714245

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі Нұр-Сұлтанда 20 қарашада өтеді. Мұндай шешім бүгін «Ақ жол» филиалдарының төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық пленумында қабылданды. Бүгінгі отырысты онлайн режимде партия төрағасы Азат Перуашев өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Съезді өткізу тәртібі мен орнына қатысты «Ақ жол» партиясының орталық аппаратына ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамыз. Алдағы съездің форматы коронавируспен қатысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Филиалдарға сайлауалды бағдарламаның жобалары таратылады. Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жолдауды өтінеміз», – деді Азат Перуашев.

Орталық кеңес сонымен қатар съездің үш мәселеден тұратын күн тәртібінің жобасын бекітті. Олар: партияның алдағы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуы, партиялық тізімді бекіту және партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы.

«Партия басшылығы 24/7 режиміндегі «non-stop» жұмыс тәртібіне көшті. Сондықтан бәріңізге байланыста болып, қазіргі және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешуді жүктеймін», – деді партияластарына Азат Перуашев.