03
Қараша

«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі 20 қарашада өтеді - "Today.kz"

http://today.kz/kz/news/azastan/2020-11-03/807656-a-zhol-partiyasyinyi-sajlaualdyi-sez-20-arashada-ted/

Мұндай шешім бүгін «Ақ жол» филиалдарының төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық пленумында қабылданды.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі Нұр-Сұлтанда 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды Тoday.kz тілшісі  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Съезді өткізу тәртібі мен орнына қатысты «Ақ жол» партиясының орталық аппаратына ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамыз. Алдағы съездің форматы коронавируспен қатысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Филиалдарға сайлауалды бағдарламаның жобалары таратылады. Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жолдауды өтінеміз», - деді Азат Перуашев. 

Орталық кеңес сонымен қатар съездің үш мәселеден тұратын күн тәртібінің жобасын бекітті. Олар: партияның алдағы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуы, партиялық тізімді бекіту және партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы.

 «Партия басшылығы 24/7 режиміндегі «non-stop» жұмыс тәртібіне көшті. Сондықтан бәріңізге байланыста болып, қазіргі және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешуді жүктеймін», - деді партияластарына Азат Перуашев.