01
Қазан

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Маңғыстау өңірдегі бір қатар әлеуметтік нысандарды аралады

1 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

         Бүгін Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өңірдегі бір қатар әлеуметтік нысандарды аралады.

         Сапар барысында ол жаңадан бой көтерген Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің жұмысымен танысып, науқастармен тілдесті.

         - Еліміздің өзге аймақтарында пандемия кезінде онкологиямен ауыратын науқастар дәрі-дәрмек тапшылығын көрген. Бірақ мұндай жағдайға онкология саласындағы Маңғыстау мамандары жол бермеген екен. Жалпы "Ақ жол" партиясы  Парламентте мемлекет қаржысын пайдалану жөнінде мәселені жиі көтеріп, сынға алып отырады.

         Бюджеттен ақша бөлінгеннен кейін осындай заманауи тиісті нысандардың қажетті құралдары мен дәрі-дәрмегі үшін іске асырса бұл халық үшінде тиімді - деді А.Перуашев.

         Мұнан соң, партия төрағасы Ақтау қаласында салынып жатқан 180 орындық стационар және 20 орындық жан сақтау мен қарқынды терапияға арналған жедел тұрғызылатын аурухана құрылысымен танысты.