“АҚЖОЛДЫҚТАР” ШЕКАРА АЙМАҒЫНДА БОЛДЫ

» Санат жоқ » "АҚЖОЛДЫҚТАР" ШЕКАРА АЙМАҒЫНДА БОЛДЫ

09.12.2019, 12:05

Демалыс күндері “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов және бір топ партия өкілдері Сарыағаштағы бірқатар шекара бекеттерінде болып, олардың жұмысымен танысты.

Ақжолдықтардың Қазақстан-Өзбекстан шекара аймағына келуіне кәсіпкерлердің жазған шағымдары себеп болды. Шекаралық бекеттің Қазақстан жағында көрші елге өту көп уақыт алады. Ұзын-сонар кезек. Тәулігіне 5 мың адам өткізуге арналған бекетте 40 мыңға дейін адам өтетін болған.

Аталған мәселені шешудің жолы- материалдық-техникалық базасын жаңғырту, бақылау пункттерінің санын көбейту екені айтылды. Депутат өз кезегінде бұл мәселені тиісті органдарға жеткізетінін айтты